Жетісу облысының Алакөл ауданындағы Екпінді ауылында айына 1,8 мың тонна дайын өнім өндіруге қауқарлы New Silver Central Asia Grain & Oil кәсіпорны іске қосылды. Жобаға 61 млн теңгеден астам инвестиция тартылып, 10 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кәсіпорын күнбағыс тұқымын өңдеуге бағытталған. Инвесторлар өндіріс орнын жергілікті ауыл шаруашылығының әлеуеті мен фермерлердің сапалы шикізат жеткізу мүмкіндігін ескере отырып таңдаған.
Алакөл ауданында дәнді және майлы дақылдар 80 мың гектарға егілген. Бұған дейін өңдеу кәсіпорнының болмауы фермерлердің өнім өткізуіне қиындық туғызған. Жаңа өндіріс жергілікті шикізатты өңдеуге және өнім өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
Қазақстанда биыл майлы дақылдар тұқымының 5 млн тоннадан астамын жинау күтілуде. Ал олардың егіс көлемі 2024 жылдан бері 2,2 млн гектарға ұлғайып, 2026 жылы 5,2 млн гектарға жеткен.












































