Өңірлерде көктемгі дала жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы дақылдары 20,9 млн гектар алқапқа егілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, дәнді дақылдар 15 млн гектар алқапқа, майлы дақылдар 4,2 млн гектарға, мал азықтық дақылдар 1,2 млн гектарға себілді. Сонымен қатар, мақта 164,3 мың гектарға, картоп 128,4 мың гектарға, көкөніс дақылдары 122,1 мың гектарға, бақша дақылдары 83,9 мың гектарға, қант қызылшасы 22 мың гектарға егілді.
Егіс науқаны еліміздің негізгі астық егетін өңірлерінде қарқынды жүргізілуде. Ақмола облысында 5,3 млн гектар, Қостанай облысында 5 млн гектар, Солтүстік Қазақстан облысында 4,1 млн гектар алқапқа егін егіліп үлгерді.
Егіс науқанына 133,9 мыңнан астам трактор, шамамен 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 71,4 мың сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу техникасы жұмылдырылған.
Сурет: АШМ














































