Jańa Dala / Green Day 2026 ұлттық байқауында Павлодар облысындағы «ASTYK PV» ЖШС-нің Арчи атты Ангус асыл тұқымды бұқасы жоғары нәтиже көрсетіп, бірден екі мәртебелі атаққа ие болды. Бұл туралы Ангус палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Байқау қорытындысы бойынша Арчи:
- Ангус тұқымының абсолютті чемпионы;
- Қазақстандағы барлық етті бағыттағы ірі қара мал тұқымдарының абсолютті чемпионы атанды.
Финалдық кезеңде Арчи Ақбас, Герефорд, Әулиекөл, Қалмақ және Обрак сиыр тұқымдарының үздіктерімен бәсекеге түсіп, жоғары бағаланды.
Бұл жеңіс Ангус тұқымының жоғары генетикалық әлеуетін, өнімділігі мен сапасын тағы бір мәрте дәлелдеп, Қазақстандағы асыл тұқымды мал шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетті.

«Арчидің жетістігі – отандық селекцияның, заманауи мал шаруашылығының және қазақстандық фермерлердің қажырлы еңбегінің жарқын нәтижесі. Бұл – еліміздің етті мал шаруашылығы саласының халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды жеңіс», — делінген палата таратқан ақпаратта.
Сурет: Ангус палатасы













































