Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылындағы Kazakh Osseter ғылыми-өндірістік кәсіпорны 2026-2027 жылдары бекіре тұқымдас балықтардан балыққа зиян келтірмей тағамдық уылдырық алу инновациялық жобасын іске асыруда, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі. Жаңа технология экологиялық қауіпсіз өндірістің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді және өңірдің балық шаруашылығын дамытуға бағытталған.
Кәсіпорында жыл сайынғы өндіріс көлемі 250 тоннаға дейін тауарлық балық, 0,2 тонна уылдырық және 500 мың шабақ болады деп жоспарлануда. Өнімдер Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне экспортқа бағытталған.
Жобаның негізгі мақсаты — уылдырық алудың жоғары технологиялық әдісін енгізу, саланың тиімділігін бірнеше есеге арттыру. Алдағы уақытта 250-ге жуық бекіре балығынан уылдырық алу жоспарлануда.
Сурет: облыс әкімдігі













































