Ақмола облысының Бурабай ауданында 1 440 бас сиыр саууға малға арналған «Burabay Milk» ЖШС тауарлы сүт фермасы салынып жатыр. Нысан 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, Щучинск қаласында сүтті терең өңдеу зауытының құрылысы басталды, ол да биыл жұмыс істей бастайды. Қазір «Burabay Milk» ЖШС кәсіпорын жабдықтарын сатып алуға кірісті.
«Нысанда 130 жұмыс орны ашылады және жыл сайын бюджетке 800 млн теңгеден астам салық төлейтін болады», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.
Әкімдіктің мәліметінше, биыл Бурабай ауданында Burabay Milk және Атбасар ауданындағы «Бастау» тауарлы сүт фермасы іске қосылмақ. Бұлардан бөлек, жалпы құны 9 млрд теңге болатын бес инвестициялық жоба іске асырылады.
Сурет: облыс әкімдігі
















































