Ақмола облысында мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 50 млн теңге субсидия ұрланғаны анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Тергеу деректері бойынша, «Медина» АӨК директоры және Шортанды ауданының ветеринариялық станциясының басшысы ақпараттық жүйеге ІҚМ басы туралы анық емес мәліметтерді енгізу арқылы мемлекеттік субсидияларды заңсыз алуды ұйымдастырды. Атап айтқанда, 57 асыл тұқымды бұқаның болуы туралы жалған мәліметтер негізінде бюджеттен 9 млн теңге аударылды. Болашақта дәл осы деректер бойынша селекциялық жұмыстарды жүргізуге тағы 17 млн теңге бөлінді, ол іс жүзінде жүргізілмеген», — деп хабарлады ҚМА Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, төрт өтінімде аналық мал саны 3 мың басқа артты делінген. Соның салдарынан бюджеттен тағы 27 млн теңге субсидия алу негізсіз болған.
Қаржы мониторингі агенттігінің деректері бойынша мемлекетке келтірілген жалпы шығын 50 млн теңгеден асқан.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен бұл істі тергеп жатыр. Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры үй қамаққа алынды.
Сурет: Agrotrendkz













































