Шығыс Қазақстан облысында үш ірі инвестициялық аграрлық жобаны жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Алтай ауданының Солоновка ауылында «Елжас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 600 бас ірі қараға арналған заманауи тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталуға жақын.
Жоба мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылуда. Былтыр Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы шеңберінде шаруашылыққа 1,2 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді.
Қазіргі уақытта 400 бас “Симментал” және “Голштин” асыл тұқымды сүтті сиырлар сатып алынды. Сонымен қатар 10 заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен, DeLaval компаниясының технологиялық жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Сауын залы толықтай автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған, жұмысты бастауға дайын.
Сурет: ашық ақпарат көзі
















































