28–30 қазан аралығында Алматы қаласында AgroWorld Qazaqstan 2026 халықаралық аграрлық көрмесі өтеді. Биыл ауыл шаруашылығы саласындағы Орталық Азиядағы маңызды көрме 20-шы рет ұйымдастырылмақ.
AgroWorld Qazaqstan 2026 көрмесінде агроөнеркәсіп кешеніне арналған заманауи технологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы, жабдықтар мен инновациялық шешімдер таныстырылады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, көрмеге әлемнің 20 елінен 200-ден астам компания қатысады деп күтілуде. Бұл агробизнес өкілдеріне жаңа технологиялармен танысып қана қоймай, әлеуетті жеткізушілер мен серіктестер табуға мүмкіндік береді.
Көрмеде қандай технологиялар ұсынылады?
Көрме экспозициясында ауыл шаруашылығының негізгі бағыттары қамтылады. Атап айтқанда:
- мал шаруашылығы;
- құс шаруашылығы;
- ветеринария және генетика;
- өсімдік шаруашылығы;
- тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары;
- бақтар мен жылыжайларға арналған технологиялар;
- суару жүйелері;
- ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары;
- құрама жем өндірісі;
- өнімді қайта өңдеу және сақтау;
- автоматтандыру және цифрлық технологиялар.
Сала мамандары көрме барысында әртүрлі ұсыныстарды салыстырып, өз шаруашылығы мен бизнесіне қажетті технологиялық шешімдерді таңдай алады.
Фермерлер үшін қосымша алаңдар
Іс-шара бағдарламасында AgriFORUM және Фермерлер мектебі де қарастырылған. Бұл алаңдарда агросектордың өзекті мәселелері талқыланып, тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік беріледі.
AgroWorld Qazaqstan 2026 көрмесі фермерлер, агробизнес өкілдері, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері, инвесторлар және сала мамандары үшін жаңа технологиялар мен іскерлік серіктестерді іздеуге арналған кәсіби алаң болмақ.
📍 Өтетін орны: Алматы қаласы, «Атакент» ҚІЫО, 9 және 10-павильондар
📅 Өтетін күндері: 28–30 қазан 2026 жыл
📞 Байланыс телефондары: +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34
Сурет: agroworld.kz












































