Мемлекет басшысының мал басын көбейту, өнімділікті арттыру, қайта өңдеуді дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі Кешенді жоспарды әзірлеген болатын.
Кешенді жоспар аясында мал шаруашылығын дамытуға арналған жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6% болатын жаңа жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаржыландыру келесі шарттармен ұсынылады:
- жеңілдетілген несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6%;
- мал шаруашылығы саласының ерекшеліктерін ескере отырып, икемді несиелеу мерзімдері белгіленді;
- қаржыландыруды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдары, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банктер арқылы алу мүмкіндігі жасалды.
Несие қаражаты мал басын сатып алуға және бордақылау алаңдарын дамытуға бағытталады.
Бағдарлама шаруаларды қолдауға және Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға қосымша серпін береді деп күтілуде.
Сурет: Agrotrend.kz
















































