2025-жылдың 24-қарашасынан 2026-жылдың 1-наурызына дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ қарыз алушыларға пайыздық мөлшерлеменің субсидияланған бөлігін кешіктіріп алғаны үшін есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Бастама мерзімі өткен берешегі субсидияларды төлеудегі кідірістерге байланысты туындаған фермерлердің борыштық жүктемесін төмендетуге бағытталған. Бұл шара бұрын жинақталған мерзімі өткен төлемдерге де, акция кезеңінде пайда болған қарыздарға да қолданылады», — делінген хабарламады.
Бұған қатысу үшін қарыз алушылар субсидияланатын бөлігін, сондай-ақ мерзімі өткен негізгі борышты қоса алғанда, мерзімі өткен сыйақы сомасын толығымен өтеуі қажет. Әлбетте «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарына барып өтініш беру керек.
«Бұл шара қиын жағдайға тап болған ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға және олардың борыштық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді», — делінген компания баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сурет: Agrotrend.kz















































