Құрметті ауыл шаруашылығы саласының мамандары!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі. Мал шаруашылығы мен егіншілік, тамақ және өңдеу өнеркәсібіндегі табанды әрі қажырлы қызметтеріңіз ел экономикасының тұрақты дамуына зор септігін тигізіп келеді.
Адал еңбектеріңіз ақталып, әр маусымда мол өнім жиналуына тілектеспіз және
сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!
Сурет: ашық ақпарат көзінен











































