Қазақстан ірі қара мен ұсақ малдың аналық басын сыртқа шығаруға тыйым салуды жарты жылға ұзартты. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қаржы министрлігінің бірлескен бұйрығы 11-қазан күні күшіне енді.
«Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104сырт елдерге шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», — делінген құжатта.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2025-жылдың 15-мамырынан бастап еркек тайыншаларды сырт елдерге шығаруға тыйым салынған болатын. Сыртқы сауда мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) шешімімен қазан айында бұл тыйым алты айға ұзартылды. Еркек тотыларды белгіленген 120 мың басқа арналған квота шеңберінде экспорттауға рұқсат етілген.
Сурет: Agrotrend.kz














































