AgroTrend
  • Субсидия
    Су үнемдеу технологияларын қолдану оң нәтиже берді

    Су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау 80%-ға артты

    Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

    Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

    Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

    Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

    Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

    Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

    Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

    Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

    Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

    Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

    Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

    Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

    Trending Tags

    • Кредит
      Қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығаратын кәсіпкер

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыру жалғасуда

      Шағын несиенің шарпатын көргендер

      Шағын несиенің шарпатын көргендер

      Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

      Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

      «Ауыл аманаты» бағдарламасы

      «Ауыл аманаты» бағдарламасы

      Агробизнес бағдарламасы

      Іскер

      Агробизнес бағдарламасы

      Агробизнес бағдарламасы

      Кең дала 2 бағдарламасы

      Кең дала 2 бағдарламасы

      Trending Tags

      • Техника
        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінді

        «ҚазАгроҚаржы» жаңа бағдарламасын іске қосты

        Неміс тракторларын елімізде құрастыру мәселесі қаралды

        Лизингке берілетін техникаларға өтінім қалдау басталады

        Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

        Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

        Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу арнайы ХҚКО-ларға беріледі

        Өз жем-шөбіміз

        Өз жем-шөбіміз

        Аванссыз лизинг

        Аванссыз лизинг

        Жеңілдетілген лизинг

        Жеңілдетілген лизинг

        Қазақстанда жасалған!

        Қазақстанда жасалған!

        Экспресс-лизинг

        Экспресс-лизинг

        Trending Tags

        • Сақтандыру
          АШМ еркек тайыншалар мен тоқтыларды экспорттауға квота лимитін арттырды

          Мал мен құсты кез келген уақытта сақтандыруға болады

          Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

          Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

          Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

          Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

          Күздік дақылдарды сақтандыру

          Күздік дақылдарды сақтандыру

          Мал шаруашылығын сақтандыру

          Мал шаруашылығын сақтандыру

          Trending Tags

          • Асыл тұқымды төрт түлік
            • All
            • Сиыр тұқымдары
            Голштин сиыр тұқымы

            Голштин сиыр тұқымы

            Симментал сиыр тұқымы

            Симментал сиыр тұқымы

            Әулиекөл сиыр тұқымы

            Әулиекөл сиыр тұқымы

            Ангус сиыр тұқымы

            Ангус сиыр тұқымы

            Герефорд сиыр тұқымы

            Герефорд сиыр тұқымы

            Қалмақ сиыр тұқымы

            Қалмақ сиыр тұқымы

            Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

            Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

            Trending Tags

              • Сиыр тұқымдары
            No Result
            View All Result
            • Субсидия
              Су үнемдеу технологияларын қолдану оң нәтиже берді

              Су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау 80%-ға артты

              Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

              Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

              Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

              Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

              Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

              Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

              Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

              Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

              Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

              Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

              Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

              Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

              Trending Tags

              • Кредит
                Қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығаратын кәсіпкер

                Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыру жалғасуда

                Шағын несиенің шарпатын көргендер

                Шағын несиенің шарпатын көргендер

                Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

                Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

                «Ауыл аманаты» бағдарламасы

                «Ауыл аманаты» бағдарламасы

                Агробизнес бағдарламасы

                Іскер

                Агробизнес бағдарламасы

                Агробизнес бағдарламасы

                Кең дала 2 бағдарламасы

                Кең дала 2 бағдарламасы

                Trending Tags

                • Техника
                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінді

                  «ҚазАгроҚаржы» жаңа бағдарламасын іске қосты

                  Неміс тракторларын елімізде құрастыру мәселесі қаралды

                  Лизингке берілетін техникаларға өтінім қалдау басталады

                  Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

                  Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

                  Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу арнайы ХҚКО-ларға беріледі

                  Өз жем-шөбіміз

                  Өз жем-шөбіміз

                  Аванссыз лизинг

                  Аванссыз лизинг

                  Жеңілдетілген лизинг

                  Жеңілдетілген лизинг

                  Қазақстанда жасалған!

                  Қазақстанда жасалған!

                  Экспресс-лизинг

                  Экспресс-лизинг

                  Trending Tags

                  • Сақтандыру
                    АШМ еркек тайыншалар мен тоқтыларды экспорттауға квота лимитін арттырды

                    Мал мен құсты кез келген уақытта сақтандыруға болады

                    Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

                    Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

                    Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

                    Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

                    Күздік дақылдарды сақтандыру

                    Күздік дақылдарды сақтандыру

                    Мал шаруашылығын сақтандыру

                    Мал шаруашылығын сақтандыру

                    Trending Tags

                    • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • All
                      • Сиыр тұқымдары
                      Голштин сиыр тұқымы

                      Голштин сиыр тұқымы

                      Симментал сиыр тұқымы

                      Симментал сиыр тұқымы

                      Әулиекөл сиыр тұқымы

                      Әулиекөл сиыр тұқымы

                      Ангус сиыр тұқымы

                      Ангус сиыр тұқымы

                      Герефорд сиыр тұқымы

                      Герефорд сиыр тұқымы

                      Қалмақ сиыр тұқымы

                      Қалмақ сиыр тұқымы

                      Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

                      Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

                      Trending Tags

                        • Сиыр тұқымдары
                      No Result
                      View All Result
                      AgroTrend
                      No Result
                      View All Result

                      Шынар Біләлова: кредиттік серіктестікті басқару үлкен жауапкершілік жүктейді

                      Шынар Біләлова: кредиттік серіктестікті басқару үлкен жауапкершілік жүктейді
                      Facebook-та бөлісу Telegram-да бөлісу

                      Ауыл шаруашылығы саласында фермерлерді қолдау үшін құрылған екі жүзден астам кредиттік серіктестік бар. Олардың негізгі қызметі – Аграрлық несие корпорациясы бөлетін қаржыны тікелей шаруаларға жеткізу. Одан бөлек өздерінің жеке қаражатымен де қаржыландырады. Саладағы шағын қаржы институты ретінде жұмыс істейді. Фермерлердің құжаттарын түгендеп, несие алуларына, мемлекеттің қолдауына ие болуларына тікелей атсалысатын ұйым. Солардың бірі Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы «Есіл» кредиттік серіктестігі жемісті жұмыс істеп, жетістігімен алға озған ұйым. Серіктестікті 16 жыл басқарып келе жатқан басқарма төрайымы Шынар Біләлова ханыммен сұхбаттасқан едік.

                       –  Шынар Сағындыққызы, алдымен өзіңіз жайлы айтсаңыз.

                       –  Менің туған өлкем –  жер жәннаты Жетісу. Көпбалалы отбасында дүниеге келдім. Отбасымызда жеті баламыз. Осыдан 35 жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысына келін болып түстім. Содан бері осында тұрып жатырмын. Екі жоғары білімім бар. Қаржыгер және несие мамандығы мен заңгер мамандығын меңгергенмін. Мектепте оқығанда өзім есепке жүйрік болдым, нақты ғылымға жаным жақын еді. Физика, химия, математика пәндерін ерекше қызығушылықпен оқыдым. Бұл менің өмірдегі мамандығымды еркін меңгеруіме септігі мол болды. 2003 жылы «Есіл» кредиттік серіктестігіне несие бөлімінің басшысы болып келдім. 2009 жылдан бері басқарма төрайымы қызметін атқарамын.  Жалпы 22 жыл табан аудармай осы серіктестіктің дамуына, шаруалардың өркендеуіне еңбек сіңіріп келемін. Бұл серіктестік республика бойынша ең бірінші болып 2001 жылы 10 қыкүйекте құрылған. Биыл 10 қыркүйекте 24 жыл болады. Серіктестік құрамында 79 құрылтайшымыз бар.

                      –  Несие серіктестігінің екінші деңгейлі банктен айырмашылығы неде?

                       –  Екінші деңгейлі банктерден айырмашылығы – кредиттік серіктестіктер шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржылай қолдау мақсатында құрылған. Ерекшелігіне тоқталар болсам, біріншіден, мұндай кредиттік серіктестіктер әр ауданда бар. Бұл шаруаларға өте ыңғайлы. Несие рәсімдеу үшін облыс орталығына барудың қажеті жоқ. Әркім өз ауданында-ақ көптеген мәселені шеше алады. Екіншіден, республикалық бюджеттен бөлінген жеңілдікпен берілетін несиені шаруаларға жеткізеді. Үшіншіден, екінші деңгейлі банктерге қарағанда несие алған шаруадан талап етілетін кепіл мүлік мәселесі жеңіл. Мысалы, банктер облыс орталығындағы немесе қаладағы жылжымайтын мүліктерді кепілге қоюды талап етеді. Көбінесе пәтер қойса ғана несие бере алады. Ал біз шаруаның қолында не бар, соны кепіл мүлік ретінде қабылдай береміз. Мәселен, астық сақтайтын қойма болуы мүмкін, шалғайдағы мал ұстайтын қорасы немесе техникасы болуы мүмкін. Малын немесе егін егетін жерін де кепілге қойып, жеңілдетілген несие ала алады. Шаруаларға барынша ыңғайлы жағдай жасап, қызмет етіп келеміз. Тағы бір артықшылығы – серіктестіктің құрылтайшылары өздері бәрін қадағалап отырады, жұмысымыздың жүйелі жүруіне олар да мүдделі. Соның есебінен біздің де жұмысымыз жеңілдей түседі. Өйткені, жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын жақсы білесіздер. Бұл жерде ортақ мүдде бар. Ортақ мүдде болған жерде береке болары сөзсіз. Қандай да бір мәселе болса, құрылтайшылардың басын қосып, жалпы жиналыс аясында шешеміз. Қазіргі біз отырған серіктестің ғимаратын да құрылтайшылар өздерінің қаражаттарына салып берген болатын. Тіпті көлігіміз бен қызметкерлер қолданатын барлық жабдықтармен қамтамасыз етті. Сондықтан біздің нашар жұмыс істеуге қақымыз жоқ. Фермерлер серіктестікке келгенде өз үйлеріне кіргендей өздерін еркін сезінеді, қандай да бір мәселелері болса оны ашық айтып, шешу жолдарын бірлесіп қарастырамыз.

                      –  Серіктестік алғаш құрылған кезде құрылтайшыларыңыздың саны қанша болып еді, қазір қанша?

                       –  2001 жылы алғаш құрылған сәтте серіктестіктің құрамында 14 құрылтайшы болған. Жарғылық капиталымыз 4 млн 600 мың теңге ғана еді. Қазір құрылтайшыларымыздың саны 79-ға жетті. Ал Жарғылық капиталымыз 700 млн теңгеден асты. Бізге кредит беруші әрі сенімді серіктесіміз Аграрлық несие корпорациясы. Осы Корпорацияның бюджет қаржысынан және өзінің жеке қаражатынан берген несиелерінің арқасында кредиттік серіктестіктер аяғымыздан нық тұрдық және шаруалардың жағдайы да жақсарып келеді. Ауыл шаруашылығы жеңілдетілген несиесіз, қаржылай қолдаусыз дамып кете алмайды. Қалайда мемлекеттң қолдауы қажет. Ол қолдауды осы Аграрлық несие корпорациясы арқылы және кредиттік серіктестіктер арқылы алып отыр. Осы жылдарда біз фермерлерге 46 млрд теңгенің несиесін берген екенбіз. Соның 43 млрд теңгесі Аграрлық несие корпорациясы бөлген қаржы, 3 млрд теңгесі кредиттік серіктестің жеке қаражаты. Тағы бір айта кететін жайт, Аграрлық несие корпорациясына біздің «Есіл» кредиттік серіктестігі осы 24 жылдың ішінде қарызды уақытынан кешіктіру деген жағдай тіркелген жоқ. Бұл – серіктестік құрылтайшыларының, ауыл шаруашылығы құрылымдарының жауапкершілігі деп білемін. Тағы бір айта кететін, жайт, Аграрлық несие корпорациясы кредиттік серіктестіктерге рейтингтік бағалау жүргізіп тұрады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бізге ең жоғарғы «ААА» ретингін берді. Алдағы уақытта да Аграрлық несие корпорациясымен серіктесіп, жауапкершілігімізді жоғарғы орынға қойып жұмыс істей береміз.

                      –  Республикада екі жүзден астам кредиттік серіктестік бар. Солардың кейбіреулерінде проблемалық мәселе туындап жатады. Оның себебі неде деп ойлайсыз?

                       –  Әр өңірдің өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс өңірлер көбінесе мал шаруашылығымен айналысады. Ал біздің солтүстік аймақ егін шаруашылығына басымдық беретін өңір. Әріптестерімізде мәселелер туындап жатады, оны естіп те жүрміз. Менің ойымша, ең бірінші жауапкершілік кредиттік серіктестіктің басшысы мен қызметкерлерінен талап етілуі керек. Екіншіден, құрылтайшылар өздері құрған серіктестіктеріне деген көзқарастары дұрыс болу қажет. Олар да жауапкершілікке мықты болғандары абзал. Солтүстіктен басқа өңірлер мал шаруашылығымен айналысқандықтан, қиындық осында ма деп ойлаймын. Өйткені мал өсірудің машақаты көп. Ауырады, өледі, басқа да жағдайлар орын алып жатады. Бір сөзбен айтқанда тәуекелі көп. Қазір ветеринар дәрігерлер жетіспейді. Саланың ақсап тұруына сол да себеп. Сонымен қатар кейінгі кезде жем-шөп дайындау мәселесі де күрделеніп тұр. Климат өзгеріп, құрғақшылық белең алып отыр. Бұл да негізгі факторлардың бірі дер едім. Ал біздің аймақтағы шаруалар егіннің сапасы немесе өнімділігі төмен болса да, әйтеуір сатып несиесін уақытында жабатын мүмкіндіктері болады. Сайып келгенде несие серіктестіктерінің басшыларына көп нәрсе байланысты. Серіктестік басшысы жұмысты қолға алғаннан кейін оған жауапкершілікпен қарауды бұлжымайтын қағидаға айналдыруы тиіс. Аграрлық несие корпорациясы қарызды уақытымен қайтарып отыратын кредиттік серіктестіктерге қосымша талап қоймайды. Керісінше, ең бірінші осындай жауапкершілігі жоғары серіктестіктерге қаржы беруге тырысады, қолдау көрсетеді. Кредиттік серіктестіктерде ортақ жауапкершілік деген қағида бар. Мен өзім бұл қағиданы қолдаймын. Біз кредиттік серіктестің құрамына қандай да бір қатысушыны қабылдайтын болсақ, жалпы жиналыс арқылы шешеміз. Сол кезде оған ортақ жауапкершілік бар екенін, оны назардан тыс қалдыруға болмайтынын қатаң ескертеміз. Егер, алған несиені уақытында жаппайтын болсаң, кесірің басқаларға тиеді деп түсіндіреміз. Бұл кредиттік серіктестің басты артықшылықтарының бірі. Жалпы жиналыста құрамына қабылдайтын шаруаны зерттеп, сараптап барып таңдап алады. Оның мүмкіндігі қаншалықты, ертең несиесін уақытынан кешіктірмей төлеуге қабілеті бар ма, соның бәрін анықтап барып, қабылдайды. Бір сөзбен айтқанда, кредиттік серіктестікті басқару, оның жұмысын жүйелі әрі жемісті жүргізу үлкен жауапкершілік жүктейді.

                      –  Осы 24 жылда Аграрлық несие корпорациясының алдында бір де бір рет қарыз болып қалмай, шаруаларды ұйымдастырудың, кредиттік серіктестікті жоғары деңгейде басқаруыңыздың құпиясы неде, қандай тиімді тәсілді қолданасыз?

                       –  Ең бірінші, біздің жұмыс адамды жалықтырмайды. Өйткені әр жоба әртүрлі. Біреу малға алады, біреулер егіншікке несие алады. Қоятын кепіл мүліктері де әртүрлі. Бір бағытта ғана жүретін таптаурын жол емес. Жоғарыда 79 құрылтайшымыз бар деп айттым ғой. Кредиттік серіктестік басшысы мен басшы екенмін деп кердеңдемеуі керек. Керісінше біз осы құрылтайшылардың жалдап алған қызметкеріміз. Барлық жұмысымыз соларды қолдауға, оларға көмек көрсетуге бағытталған. Біздің жалақымызды да солар төлеп отыр, керек десеңіз. Солай түсінуіміз керек. Мен өзімнің қызметкерлеріме қатаң талап қоямын. Әрбір келген шаруаның өтініші міндетті түрде орындалуы керек. Шаруалардың көбі ер азаматтар. Жұмыстары түзде. Біреуі мал бағып жүрсе, біреулері егіс алқабының басында. Техникаларын жөндеп жатады, егін егуге керек-жарақтарын түгендеп шапқылап жүреді. Олардың несие алу үшін құжаттарын жинауға, ары-бері бір құжат үшін уақыт кетірулеріне мұршалары да бола бермейді. Өтінішін берді ме, болды. Ары қарай қалған құжаттарды біздің мамандар жинап, несиені рәсімдеуге дейінгі барлық процесті атқарып қоюлары керек. Шаруа соңында тек қол қоюға ғана келетіндей мүмкіндік жасаймыз. Мысалы біздің қызметкерлер салық органынан керек құжатты, ауыл шаруашылығы бөлімінен қажет анықтамаларды, кепіл мүліктерінің келісімшарттарын тіркеу сияқты барлық жұмысты атқарады. Яғни, шаруаға ешқандай салмақ салмаймыз. Олар тек малын өсірсе, егінін ексе, күзде ойдағыдай жинап алса болғаны.

                      –  Өзіңіз жақсы білесіз, біздің мекмелерде бюрократиялық көзқарастар, әрекеттер басым. Тіпті, келген шаруамен адамша сөйлесіп, білмей тұрған жерін дұрыстап түсіндіріп жіберу сияқты қарапайым қарым-қатынас қадамдары жолға қойылмаған. Сіздің мамандарыңыз мұндай кемшілікке жол бермейтін шығар?

                       –  Біз мұндай жағдайларға ерекше мән береміз. Кейбір шаруалардың жауын-шашын болып, егіні жиналмай жатуы мүмкін, қар түсіп кетуі мүмкін, техникасы бұзылып, сайман іздеп шапқылап жүруі мүмкін. Біреулерінің малы ауырып қалады, сол сияқты түрлі келеңсіздіктер мен кедергілерге тап болған шаруада қайдан жақсы көңіл-күй болады? Қолдау сұрап, кредиттік серіктестікке келгенде менеджерлер және басқа да мамандар олармен дұрыс сөйлеспесе не болады? Жоқ, олай емес. Қандай шаруа, қандай мәселемен келсе де қолдан келгенінше қолдау көрсетуге тырысамыз. Түсіңкі көңілін көтеруге барымызды саламыз. Сіз өте дұрыс айтып отырсыз. 2003 жылдары мен осында жұмысқа келгенде жинайтын құжат өте аз еді. Қазір жинайтын құжат, тапсыратын есебіміз көбейді. Соның бәрін өзіміздің қызметкерлер жинайды. Барынша шаруаны мазаламауға тырысамыз. Өзімнің тәжірибем бойынша айтар болсам, ер адамдармен жұмыс істеу өте жеңіл. Әйел адамдар көбінесе эмоцияға ерік береді ғой. Ер азаматтар істің адамы, артық әңгімеге жоқ. Олар егіні жақсы шықса, малы төлдесе, өнімдерін жақсы бағаға сатса, бір жаңа техника алса, тіпті ауа райы жақсы болса соған да қуанады. Сондай жақсы әсерлерін ғана әңгімелеп айтып кетеді. Оған біз де қуанамыз.

                      –  Ауыл шаруашылығы саласында маман тапшылығы қатты сезіледі. Жалпы өзіңіз саланың болашағын қалай елестетесіз?

                       –  Ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі драйвері болу керек. Оны Мемлекет басшысы да айтып келеді. Бұл бекер айтылған сөз емес. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін осы ауыл шаруашылығы саласы. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта ауылда жұмыс істеуге келетін жастар азайып барады. Біздің серіктестік құрылтайшылары да алпыстан асқан, алды жетпіске жетіп қалған азаматтар. Олардың айтатыны да осы. Алдағы 4-5 жылда мал бағатын, трактордың рөліне отыратын маман таба алмай қаламыз ба, деп алаңдайды. Электрик, дәнекерлеуші, мал дәрігері, зоотехник жоқ деп айтып жатады. Ауыл шаруашылығын біз міндетті түрде дамытуымыз керек. Мен өз басым сеніммен қараймын. Осыдан 23 жыл бұрын осы серіктестікті басқаруға келгенде жұмысты бірге атқарған құрылтайшыларымыздың қазір балалары істі қолға алып, әкелерінің жұмысын жалғастырып жатыр. Осындайды көргенде қуанып қаламыз. Мемлекет те ауыл шаруашылығына барынша көңіл бөліп келеді. Аграрлық саланы оқығысы келетін жастарға грант бөлінеді. Президентіміз биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Жерлесіміз, қазақтың аймаңдай ақыны Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін!» деп бекер айтқан жоқ. Сол сияқты біз де жастарға сенеміз. Ауыл шаруашылығын дамытуға, елге қызмет етуге жастар келеді деп сенемін. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Қазақтың жері, ауыл шаруашылығы тек өзімізге ғана керек. Мысалы ауыл шаруашылығына шетелдік инвесторлар аса қызығушылық таныта қоймайды. Бірлі-жарым бар шығар. Бірақ жаппай инвестиция тартып, өркендетіп жіберетіндей емес. Тек өз мемлекетіміз және өз азаматтарымыз ғана бұл саланы дамытуға күш сала алады. Шаруаларға төмен пайызбен несие беріліп жатыр, субсидиялар қарастырылған. Осы қолдау фермерлерге тікелей жетіп жатса, соның өзі үлкен демеу.

                      Төмен пайызбен берілетін несиелерден бөлек, Үкімет фермерлерді тағы қандай жолдармен қолдағаны дұрыс деп есептейсіз?

                       Шаруалар көктемде егіп, жаздай күтіп, күзде шапқан егіндерін өткізуге келгенде сәл қиналады. Қаншама жұмысшының жалақысын берулері керек, алған несиелерін кешіктірмей төлеуге тырысады. Амал жоқ, күзде төмен бағамен сатуға тура келеді. Қайтадан қарызданады. Сол үшін астықтың бағасы тұрақты болса екен дейміз. Сыртқа экспорттау мүмкіндіктері кеңейсе жақсы болар еді. Ауыл шаруашылығы министрлігі, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлердің астығын сатуға барынша көмектессе деген тілек бар. Шаруалардың міндеті малды, егінді өсіру ғой. Ары қарай тұрақты бағамен сатуға мемлекет көмектесуі керек деп есептеймін.

                      –  Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

                      Қатысты

                      Бесқали Зұлһарнайұлы: Еділбай қойы ұсақталып кетуі мүмкін 
                      Мал шаруашылығы

                      Бесқали Зұлһарнайұлы: Еділбай қойы ұсақталып кетуі мүмкін 

                      20.08.2025
                      Біржан Елтаев: «Байсары» қойының 4 айлық қозылары 30 келі ет береді
                      Эксклюзив

                      Біржан Елтаев: «Байсары» қойының 4 айлық қозылары 30 келі ет береді

                      13.08.2025
                      Жиенқұмда өткен «Байсары» қой көрмесі үздіктерді жинады
                      Эксклюзив

                      Жиенқұмда өткен «Байсары» қой көрмесі үздіктерді жинады

                      12.08.2025
                      Next Post
                      «ДАЛА КҮНІ – 2025»: күрішке алғашқы орақ салу рәсімі өтті

                      «ДАЛА КҮНІ – 2025»: күрішке алғашқы орақ салу рәсімі өтті

                      Елімізде 6,5 млн тонна астық жиналды

                      Елімізде 6,5 млн тонна астық жиналды

                      Көкпекті ауданында биыл 100 мың гектардан астам егіс алқабы игерілді

                      Көкпекті ауданында биыл 100 мың гектардан астам егіс алқабы игерілді

                      Добавить комментарий Отменить ответ

                      Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

                      Ұсыныстар

                      Al Khaleej Sugar компаниясы Қонаевта қант зауытын салуды жоспарлап отыр

                      Al Khaleej Sugar компаниясы Қонаевта қант зауытын салуды жоспарлап отыр

                      7 месяца ago
                      Бейнеу астық терминалы іске қосылды

                      Бейнеу астық терминалы іске қосылды

                      10 месяца ago
                      Ақтөбе облысында 800 басқа арналған сүт фермасы салынып жатыр

                      Ақтөбе облысында 800 басқа арналған сүт фермасы салынып жатыр

                      1 год ago
                      Көкшетауда «ТҰҚЫМ-2025» конференциясы өтті

                      Көкшетауда «ТҰҚЫМ-2025» конференциясы өтті

                      9 месяца ago

                      Санаттар

                      • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • Әлемде
                      • Жаңалықтар
                      • Кеңестер
                      • Кредит
                      • Мал шаруашылығы
                      • Сақтандыру
                      • Санатсыз
                      • Сиыр тұқымдары
                      • Субсидия
                      • Техника
                      • Эксклюзив

                      Agrotrend – бұл аграрлық секторға бағытталған қазақ тіліндегі арнайы платформа. Біз ауыл ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жаңалықтарды жеткіземіз. Қолданыстағы кредиттер мен субсидиялардың шарттары туралы, соңғы техникалар мен технологиялар жөнінде жан-жақты ақпарат береміз. Біздің мақсатымыз – фермерлерді кеңінен ақпараттандыру, сол арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді барынша қолдау.

                      Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы Куәлік № KZ64VPY00103152, 10.10.2024

                      Байланыс
                      E-mail: agrotrend50@gmail.com
                      Тел: +7 708 425 62 67

                      Соңғы Жаңалықтар

                      • Президент жайылымдық жерлер кімдерге берілуі тиіс екенін айтты 14.11.2025
                      • Қасым-Жомарт Тоқаев: Мал шаруашылығының әлеуетін барынша пайдалану қажет 14.11.2025
                      • Маңғыстау облысында түйе сүтін өндіретін цех ашылды 13.11.2025

                      Рубрикалар

                      • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • Әлемде
                      • Жаңалықтар
                      • Кеңестер
                      • Кредит
                      • Мал шаруашылығы
                      • Сақтандыру
                      • Санатсыз
                      • Сиыр тұқымдары
                      • Субсидия
                      • Техника
                      • Эксклюзив

                      © 2024 Digital idea

                      No Result
                      View All Result
                      • Жаңалықтар
                      • Кредит
                      • Техника
                      • Субсидия
                      • Сақтандыру

                      © 2024 Digital idea