AgroTrend
  • Субсидия
    Суды үнемдейтін шаруаларға барынша қолдау көрсетіледі

    Қостанай фермерлері алатын субсидияның бағыттары белгілі болды

    Су үнемдеу технологияларын қолдану оң нәтиже берді

    Су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау 80%-ға артты

    Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

    Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

    Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

    Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

    Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

    Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

    Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

    Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

    Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

    Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

    Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

    Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

    Trending Tags

    • Кредит
      Шағын несиенің шарпатын көргендер

      Amanatnesie.kz электрондық платформасы іске қосылады

      Қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығаратын кәсіпкер

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыру жалғасуда

      Шағын несиенің шарпатын көргендер

      Шағын несиенің шарпатын көргендер

      Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

      Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

      «Ауыл аманаты» бағдарламасы

      «Ауыл аманаты» бағдарламасы

      Агробизнес бағдарламасы

      Іскер

      Агробизнес бағдарламасы

      Агробизнес бағдарламасы

      Кең дала 2 бағдарламасы

      Кең дала 2 бағдарламасы

      Trending Tags

      • Техника
        Лизингке ауыл шаруашылығы техникасын алу бағдарламалары мен шарттары

        Лизингке ауыл шаруашылығы техникасын алу бағдарламалары мен шарттары

        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінді

        «ҚазАгроҚаржы» жаңа бағдарламасын іске қосты

        Неміс тракторларын елімізде құрастыру мәселесі қаралды

        Лизингке берілетін техникаларға өтінім қалдау басталады

        Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

        Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

        Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу арнайы ХҚКО-ларға беріледі

        Өз жем-шөбіміз

        Өз жем-шөбіміз

        Аванссыз лизинг

        Аванссыз лизинг

        Жеңілдетілген лизинг

        Жеңілдетілген лизинг

        Қазақстанда жасалған!

        Қазақстанда жасалған!

        Trending Tags

        • Сақтандыру
          Күздік дақылдарды сақтандыру

          Егінді құрғақшылықтан сақтандыруды субсидиялауға өтінім қабылданады

          АШМ еркек тайыншалар мен тоқтыларды экспорттауға квота лимитін арттырды

          Мал мен құсты кез келген уақытта сақтандыруға болады

          Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

          Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

          Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

          Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

          Күздік дақылдарды сақтандыру

          Күздік дақылдарды сақтандыру

          Мал шаруашылығын сақтандыру

          Мал шаруашылығын сақтандыру

          Trending Tags

          • Асыл тұқымды төрт түлік
            • All
            • Сиыр тұқымдары
            Голштин сиыр тұқымы

            Голштин сиыр тұқымы

            Симментал сиыр тұқымы

            Симментал сиыр тұқымы

            Әулиекөл сиыр тұқымы

            Әулиекөл сиыр тұқымы

            Ангус сиыр тұқымы

            Ангус сиыр тұқымы

            Герефорд сиыр тұқымы

            Герефорд сиыр тұқымы

            Қалмақ сиыр тұқымы

            Қалмақ сиыр тұқымы

            Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

            Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

            Trending Tags

              • Сиыр тұқымдары
            No Result
            View All Result
            • Субсидия
              Суды үнемдейтін шаруаларға барынша қолдау көрсетіледі

              Қостанай фермерлері алатын субсидияның бағыттары белгілі болды

              Су үнемдеу технологияларын қолдану оң нәтиже берді

              Су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау 80%-ға артты

              Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

              Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

              Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

              Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

              Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

              Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

              Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

              Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

              Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

              Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

              Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

              Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

              Trending Tags

              • Кредит
                Шағын несиенің шарпатын көргендер

                Amanatnesie.kz электрондық платформасы іске қосылады

                Қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығаратын кәсіпкер

                Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыру жалғасуда

                Шағын несиенің шарпатын көргендер

                Шағын несиенің шарпатын көргендер

                Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

                Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

                «Ауыл аманаты» бағдарламасы

                «Ауыл аманаты» бағдарламасы

                Агробизнес бағдарламасы

                Іскер

                Агробизнес бағдарламасы

                Агробизнес бағдарламасы

                Кең дала 2 бағдарламасы

                Кең дала 2 бағдарламасы

                Trending Tags

                • Техника
                  Лизингке ауыл шаруашылығы техникасын алу бағдарламалары мен шарттары

                  Лизингке ауыл шаруашылығы техникасын алу бағдарламалары мен шарттары

                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінді

                  «ҚазАгроҚаржы» жаңа бағдарламасын іске қосты

                  Неміс тракторларын елімізде құрастыру мәселесі қаралды

                  Лизингке берілетін техникаларға өтінім қалдау басталады

                  Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

                  Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

                  Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу арнайы ХҚКО-ларға беріледі

                  Өз жем-шөбіміз

                  Өз жем-шөбіміз

                  Аванссыз лизинг

                  Аванссыз лизинг

                  Жеңілдетілген лизинг

                  Жеңілдетілген лизинг

                  Қазақстанда жасалған!

                  Қазақстанда жасалған!

                  Trending Tags

                  • Сақтандыру
                    Күздік дақылдарды сақтандыру

                    Егінді құрғақшылықтан сақтандыруды субсидиялауға өтінім қабылданады

                    АШМ еркек тайыншалар мен тоқтыларды экспорттауға квота лимитін арттырды

                    Мал мен құсты кез келген уақытта сақтандыруға болады

                    Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

                    Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

                    Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

                    Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

                    Күздік дақылдарды сақтандыру

                    Күздік дақылдарды сақтандыру

                    Мал шаруашылығын сақтандыру

                    Мал шаруашылығын сақтандыру

                    Trending Tags

                    • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • All
                      • Сиыр тұқымдары
                      Голштин сиыр тұқымы

                      Голштин сиыр тұқымы

                      Симментал сиыр тұқымы

                      Симментал сиыр тұқымы

                      Әулиекөл сиыр тұқымы

                      Әулиекөл сиыр тұқымы

                      Ангус сиыр тұқымы

                      Ангус сиыр тұқымы

                      Герефорд сиыр тұқымы

                      Герефорд сиыр тұқымы

                      Қалмақ сиыр тұқымы

                      Қалмақ сиыр тұқымы

                      Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

                      Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

                      Trending Tags

                        • Сиыр тұқымдары
                      No Result
                      View All Result
                      AgroTrend
                      No Result
                      View All Result

                      Алыстағы Австралияның агротехнологиясы Абай облысына келеді

                      Алыстағы Австралияның агротехнологиясы Абай облысына келеді
                      Facebook-та бөлісу Telegram-да бөлісу

                      Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасы аясында облыс әкімінің орынбасары Думан Оспанов бастаған делегация іссапармен Австралияға барып келді. Олар Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасты. Құрамында ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен шаруа қожалықтарының жетекшілері бар делегация Жаңа Уэльс штатын аралап, іргелі шаруашылықтардың тәсілдерін көрді, тәжірибелі мамандардың пікірін тыңдады.

                      Іссапардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын аймақ төңірегінде іске асыру.  Мәселен, Абай облысында 2030 жылға дейін қой шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру мақсаты қойлған. Сол үшін сала бойынша әлемдегі көшбасшы елдің агротехнологиясымен танысып, облыстың қой шаруашылығына қолайлы аудандарына тиімді тәсілдерін енгізу.

                      Алғашқы күні делегация өкілдері Сидней қаласында Қазақстан Республикасының Мельбурн қаласындағы құрметті консулы, «Australasia Pacific Pty Ltd» компаниясының директоры Эндрю Фернихофпен ресми кездесу өткізіп, екі ел арасын жақындататын саланың артықшылықтары туралы хабардар болды.

                      Эндрю Фернихоф Австралияның қой шаруашылығындағы агротехнологиясын Қазақстанға жеткізудің тиімді тұстарын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл технология қой етін алыс шетелдерге экспорттауға зор септігін тигізеді.

                      Ресми кездесуде сөз алған Думан Оспанов Абай облысының әкімдігі ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

                      Абай облысының бизнес өкілдері қой шаруашылығындағы асылдандыру жұмыстармен, малды өсіру, өңдеу технологияларымен танысып, халықаралық экспорт талабына жауап беретін жүйелерді өз көздерімен көріп қайтты, ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың кеңесін тыңдады.

                      Сонымен қатар олар Австралияның Жаңа Уэльс штатындағы қой өсіретін ірі фермаларға барып, экспортқа бағытталған қой шаруашылығын қалай құру керегін, оны қалай басқарып, дамыту қажеттігі жөнінде мол тәжірибе жинап келді.

                      Қазақстандық мамандар әлемге танымал қой тұқымдарының өсірілу ерекшеліктерін көрді. Жергілікті мамандар қойды асылдандыру бағытындағы жемісті жұмыстарының нәтижесін де көрсетті. Осы бағыттардағы австралиялық тәжірибе мал өнімділігін арттыру мен сапалы жүн өндірісін дамытуда жоғары нәтиже көрсетіп отырғаны айтылды. Бордақылау алаңдарындағы  автоматтандырылған заманауи жем беру технологиясы делегация құрамындағы фермерлердің қызығушылығын оятты. Кәсіпкерлер бұдан өзге де ауыл шаруашылығындағы инновациялық тәсілдер мен цифрлық шешімдердің қолданылу барысын байыптады. Сапар соңында жайылымдық жерлерді қоршау арқылы мал бағу жүйесін енгізу тиімділігі қолға аланатыны айтылды. Бірқатар шаруалар қой жемдеудегі автоматтандырылған бордақылау алаңын өз өңірімізде іске қосуға ниет танытты. Бұдан бөлек, австралияның асыл тұқымды сиырларын сатып алуға қатысты келіссөздер жүргізілді.

                      Осы жолғы сапардан біздің фермерлердің не түйіп қайтқандарын, Австралия агротехнологиясының қай бағытын іске асыруға жоспар құрғандарын өздерінен сұрап көрген едік.

                      Ақсауат ауданындағы “Мәуліт” шаруа қожалығының басшысы Қайырлы Қасенов:

                      – Қазақстан – Австралия халықаралық сапарымыз өте жақсы деңгейде болды. Делегациямен барып ауыл шаруашылығы саласының профессорларымен кездесіп, сөзі мен ісі сабақтасқан адамдармен бірге болуымыз, пікір бөліскеніміз өте пайдалы болды. Австралияның мал шаруашылығындағы ұтқан тұсы барлық жерді қоршап игерген. Бұл жүйе жерді тозудан сақтайды. Екіншіден, мал тұқымдарының сапасы жоғары деңгейде екен. Сонымен қатар мал бордақылау алаңдарын өте тиімді ұйымдастырған. Одан кейін әлемдегі еті мәрмәр, өте бағалы саналатын “Вагю” сиыр тұқымын көрдік. Оның сапалы еті 28-36 ай арасында шығады екен. Бір тушасы 450 келі тартатын бұл сиыр етін 40 мемлекетке экспорттап отырғандарын айтты. Бұдан бөлек бұл елдің әлемге экспорттайтын етті бағыттағы қой тұқымдарын көрдік. Оларды қалай бағатындарын, қалай бордақылау алаңдарына қоятындарына көз жеткіздік.

                               Австралия – әлемдегі мал шаруашылығы мықты дамыған ел екенін бұрын естіген болсақ, осы жолы өзіміз барып көрдік. Бұдан аларымыз көп екен. Сапар соңында ой қорыттық. Мен өзім қой бордақылау алаңын салсам деген ойда келдім. Содан кейін мәрмәр етті неге шығармасқа деген де ой келді. Қазақ ақ бас сиыр тұқымы мен герефорд тұқымын будандастырып, одан алған төлді 28 ай бордақыласақ мәрмәр ет шығаруға болады, деп ойлаймын.

                              Сидней қаласынан Жаңа Уэльс штатына шығып, қайта айналып келгенше 1700 шақырым жол жүріп өттік. Сонда барған фермаларымыздың барлығы біз үшін өте пайдалы алаң болды. Осы іссапарды ұйымдастырған Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлына ерекше алғысымызды білдіреміз, делегацияны бастап барған облыс әкімінің орынбасары Думан Рыспекұлына рахмет. Еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беретін тың дүниелерді енгізуге деген құлшынысымыз артты. Бұл бір тарихи сапар болды. Кейін Австралия сапарынан алған тәжірибеміз мынау” деп ауыз толтырып айтатындай игі істерді көріп келдік. Енді осы көргендеріміз бен білгендерімізді іске асырсақ, оң нәтиже болары сөзсіз.

                      Үржар ауданындағы “Алғабас” шаруа қожалығының басшысы Мәулетбек Қалиев:

                      – Алдымен осы іссапарға баруымызға қолдау білдірген Абай облысының әкімі Берік Уәли мырзаға ризашылығымды білдіремін. Австралияға сапарымызда көргеніміз бен білгенімізден алатын жерлеріміз де бар, біздің климатымызға келмейтін тұстары да бар әрине. Дегенмен озық технологияларын көрдік. Соның ішінде қой бордақылау алаңын қалай ұйымдастырғандарына қанықтық. Бір оператор ғана малды азықтандыратын әдісіне қызығушылық таныттық. Одан кейін өзім шешімін таба алмай жүрген бір мәселеге осы Австралия сапары септігін тигізді. Жабық мал бордақылау алаңында аммиак көп болады. Аммиак буы малдың тыныс жолдарын қабындырып, қан құрамындағы гемоглобинді азайтады, иммунитетті әлсіретеді. Бұл малдың салмақ тастауына және өнімділіктің (ет, жүн, сүт) күрт төмендеуіне әкеледі. Австралиялық ғалым осы мәселенің шешімін тапқан. Өзінің тәжірибесімен бөлісіп, ауа алмасу жүйесін қалай жасау керегін сызып тұрып көрсетті. Біз қандай қателік жіберіп жүргенімізді сонда ұқтық. Одан кейін «Вагю» тұқымды сиыр өсіріп отырған шаруашылықтың жұмысымен таныстық. 150 бас сиырмен миллионер болып отыр.  Сосын, қойды қоршауда бағатын жүйелері ұнады. Бүгінгі таңдағы малшы тапшылығы мәселесін шешуде таптырмайтын жүйе екен. Менің түсінгенім, бұл жүйені енгізу үшін Қазақстандағы барлық малды чиптеу керек. Мал ұрлығын тыюға басымдық берген жөн. Одан бөлек тірі малды тасымалдау жағын ветеринариялық қызмет қатты қадағаласа, қыста болмаса да жаз, күз мезгілдерінде австралиялық әдісті қолдануға болады. Австралия елінің экономикасы осы малдың арқасында көтерілген. Біздің әлем бойынша 9-шы орын алатын жеріміз бар. Бұлардан үйренетініміз – жайылымды тиімді пайдалану. Дәл Австралия сияқты болып кетпесек те, соған жетеғабыл жүйе жасап, мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндігіміз мол. Ол үшін мемлекеттің талабымен қатар, қолдауы да керек. Қоршау жүйесіне ұзақмерзімді кредит беру жағынан қаржылай қолдау көрсетілсе жақсы болар еді.

                               Менің қой бордақылау алаңын ашсам деген жоспарым бар. Әзірге көп қаржы жұмсайтындай емес, өзіміздің дәстүрлі тәсілмен ашамын. Кейін автоматтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшірсем деймін. Келешекте осы австралиялық механизмді жасауға бет бұрамын. Қиын ештеңесі жоқ. Олардың малға беретін күндік рационы қандай екенін, қай уақыт аралығында қанша салмақ жинайтынын сұрап білдік. Салыстырмалы түрде қарағанда біздің де ірі қара малдың салмақ жинау мөлшері олардан кем емес. Енді қой шаруашылығын қолға алайын деп отырмын. Олардың бордақылауға қойған қойлары тәулігіне орташа 250 грамм салмақ қосатынын айтты. Бұл жерде салмақ қойдың тұқымына да байланысты болады. Қалай десек те, ісі ілгері басқан елден үйренеріміз көп. Климаттық жағдайға байланысты олардың тәсілдерін өзімізге бейімдеуге болады. Ең бастысы —  сапаға жұмыс істеу, өнімділікті арттыру, жұмысты жеңілдету. Айналып келгенде мұның бәрі шаруашылықты табысты болатындай жолға қоюыңа байланысты.

                      Абай ауданындағы “Қасқабұлақ” ЖШС-нің директоры Асқар Мұқатаев:

                      – Облыс әкімі Берік Уәли мырзаның қолдауымен Абай облысы делегациясының құрамында болып, Австралияға барып келдік. Екі елдің климаттық жағдайында айырмашылық бар. Дегенмен дамыған елден алатынымыз көп. Шаруа қожалық иесі ретінде маған ұнағаны малдың тұқымын асылдандыру бағыттары жақсы дамыған. Мысал ретін айтар болсам, “Дорпер” мен “Меринос” қой тұқымдарын будандастыру арқылы алған етті бағыттағы “Дорсет” қойы ерекше қызықтырды. Университет ғалымдарымен кеңесе отырып, қазақтың қылшық жүнді қойы мен дорсеттен жаңа тұқым шығаруға болар ма екен деген ой келді. Жүз рет естігеннен бір көрген әлдеқайда маңызды болды. Қаншама жыл шаруашылық жүргізіп отырсам да делегацияның құрамында болып Австралияға барып келгенім мал шаруашылығына деген көзқарасымды өзгертті. Содан кейін олардың малды кенеге немесе қотырға қарсы дәрілеу технологиясы ерекше әсер қалдырды. Бұл дәрі шығыны аз әрі тиімділігі жоғары технология екеніне көз жеткіздік. Мен өзім қой шаруашылығымен айналысқаннан кейін бұл бағытта көп дүниені біздің де жасай алатынымызға іштей сендім. Ал ірі қара шаруашылығында маған ұнағаны – еті әлемдік деңгейде бренд саналатын “Вагю” сиыр тұқымын өсіріп отырған шаруашылық болды. Сол вагю мен ангустың арасынан шыққан сиыр тұқымын көрдік. Шаруашылық басшысы бұл сиыр тұқымы туралы және оның етін қалай сапалы етіп шығару жөнінде арнайы таныстырылым жасады. Біздің қойған сұрақтарымызға байыппен жауап беріп, қыр-сырын түсіндірді. Ол жақтың шаруалары әрбір ісін тек ғылыми негізге сүйеніп атқарады. Соның нәтижесінде үлкен жетістікке жетіп отыр. Біз де өндіріс пен ғылымды байланыстыруымыз керек.

                              Осы сапардағы барған әрбір шаруашылықтан әсер алып келе жатырмын. Бұл біз үшін тағылымға толы сапар болды. Австралияның мал өсіру тәсілдерінің ішінен өзімізге қолайлы тұсын алып, енгізсем деген оймен келдім. 

                      Абай облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбай:

                      – Абай облысынан арнайы жасақталған делегация құрамында Австралия мемлекетіне жұмыс сапарымен барып, халықаралық кездесулер мен ауыл шаруашылығы бағытындағы өндірістік нысандардың жұмысымен танысу мүмкіндігіне ие болдық.  Сапардың негізгі мақсаты – мал шаруашылығы, оның ішінде ет және қой шаруашылығы салаларындағы озық тәжірибелерді зерделеу, заманауи технологияларды зерттеу және өңіріміздің агроөнеркәсіп кешеніне енгізуге болатын тиімді тетіктерді қарастыру болды.

                      Іссапар аясында Австралияның Сидней қаласына жақын орналасқан Orange және Forbes өңірлеріндегі бірқатар ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен таныстық. Аталған фермаларда мал шаруашылығын жүргізудің заманауи үлгілері, жер ресурстарын тиімді пайдалану тәсілдері, цифрлық технологиялар мен автоматтандырылған басқару жүйелері кеңінен енгізілген.

                      Австралия тәжірибесінің негізгі ерекшеліктерінің бірі – жайылымдық жерлерді ғылыми негізде пайдалану жүйесі. Жайылым аумақтары арнайы секторларға бөлініп, кезектестіріп пайдаланылады. Әрбір қоршалған аумақта автоматтандырылған суару инфрақұрылымы қарастырылған. Бұл тәсіл жердің деградациясын болдырмауға, табиғи шөп жамылғысының қалпына келуіне және жайылым өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

                      Сонымен қатар делегация мүшелері қой шаруашылығындағы асылдандыру және өндірістік басқару жүйелерімен танысты. Атап айтқанда, әлемдік нарықта сұранысқа ие Merino, Dorper, White Suffolk, Dorset, Suffolk және Poll Merino тұқымдарының өсірілу ерекшеліктері зерделенді. Әсіресе жүн және ет бағытындағы өнімділікті арттыруға бағытталған селекциялық жұмыстар мен автоматтандырылған бордақылау технологиялары назар аудартты.

                      Сапар барысында өндірістік мал бордақылау алаңдары мен ірі мал сауда орталықтарының қызметі зерттелді. Бір мезетте 5 мың бас ірі қара мен 60 мың басқа дейін қой қабылдай алатын мал базарының инфрақұрылымы, логистикалық ұйымдастыру жүйесі және ветеринариялық бақылау тетіктері жоғары деңгейде жолға қойылған.

                      Австралиялық шаруашылықтарда мал азығын беру процесі толықтай автоматтандырылған. Бұл жүйе еңбек өнімділігін арттырумен қатар, малдың тез әрі сапалы салмақ қосуына ықпал етеді. Сонымен бірге цифрлық бақылау, салмақ мониторингі және жем-шөпті тиімді пайдалану бағытындағы инновациялық шешімдер кеңінен қолданылатыны байқалды.

                      Ірі қара мал шаруашылығында Angus, Hereford және Wagyu тұқымдарына басымдық беріледі. Әсіресе Wagyu тұқымы жоғары сапалы мәрмәр ет өндірудегі әлемдік брендтердің бірі ретінде бағаланады. Аталған тәжірибелер ет өндірісін экспорттық деңгейге көтерудің нақты тетіктерін көрсетеді.

                      Іссапар қорытындысында өңірімізде бірқатар бағыттар бойынша нақты жұмыстар жүргізу қажеттігі айқындалды. Атап айтқанда:

                      – жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану және қоршау жүйесін кезең-кезеңімен енгізу;

                      – жер құнарлылығына бейімделген екпе шөптерді кеңінен пайдалану;

                      – қой бордақылау бағытында автоматтандырылған өндірістік алаңдар құру;

                      – асыл тұқымды ангус және герефорд сиырларын әкелу бағытындағы келіссөздерді жалғастыру;

                      – мал шаруашылығында цифрлық технологиялар мен жаңа басқару тәсілдерін енгізу.

                      Бұл шаралар өңірдегі мал шаруашылығының өнімділігін арттыруға, ет сапасын жақсартуға, жер ресурстарын тиімді пайдалануға және агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді деп есептейміз.

                      Жалпы, Австралияға жасалған бұл жұмыс сапары кәсіби тәжірибе алмасу тұрғысынан аса маңызды болды. Алдағы кезеңде алынған тәжірибе мен тиімді технологияларды өңіріміздің ерекшеліктеріне бейімдей отырып енгізу, ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына үлес қосу негізгі міндеттердің бірі болмақ.

                      Қорытындылай келе, Австралия тәжірибесі қазіргі ауыл шаруашылығын тек дәстүрлі тәсілдермен дамыту жеткіліксіз екенін көрсетті. Бүгінде саланы тиімді басқару үшін ғылыми негізделген жоспарлау, цифрлық бақылау, заманауи менеджмент және өндірістік басқару жүйелерін енгізу аса маңызды. Сондықтан бізге атакәсіптің құндылығын сақтай отырып, мал шаруашылығын жаңа басқарушылық әрі менеджменттік модельдерге көшіру қажет. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін арттыруға, жер және су ресурстарын тиімді пайдалануға, мал сапасын жақсартуға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

                      Австралияға іссапармен барып келген шаруашылық басшылары мен басқарма басшысының айтары көп екен. Біз ықшамдап, негізгі тұстарын ғана жариялап отырмыз. Озық елдің технологиясын өндірісімізге енгізіп, оң нәтиже шығару қолдан келетін дүние. Абай облысының бес ауданы қой шаруашылығын дамытуға қолайлы екені ертеден белгілі. Сол Австралияның меринос қойларымен өткен ғасырда өрісімізді толтырғанбыз. Бұл біздің ел үшін аса таңсық дүние емес. Кейінгі кездердегі жаңа әдіс-тәсілдерін шаруашылықтарымыз өз ыңғайларына, жергілікті климатқа икемдеп алатын болса игі істің нәтиже беретініне сенеміз. Абай облысы мен Австралия арасына ауыл шаруашылығы саласы бойынша алтын көпір салынды деп есептей берсек болады. Жоғарыда айтылған келіссөздердің қатары көбейіп, нақты нәтижеге қол жеткізетін күндер жақындай түсетініне сенім мол.

                        

                      Қатысты

                      Балнұр Ахметова: ғылыми тәжірибеде шетелдік селекцияның қой тұқымдарын пайдаланамыз
                      Эксклюзив

                      Балнұр Ахметова: ғылыми тәжірибеде шетелдік селекцияның қой тұқымдарын пайдаланамыз

                      16.04.2026
                      Шынар Біләлова: кредиттік серіктестікті басқару үлкен жауапкершілік жүктейді
                      Эксклюзив

                      Шынар Біләлова: кредиттік серіктестікті басқару үлкен жауапкершілік жүктейді

                      04.09.2025
                      Бесқали Зұлһарнайұлы: Еділбай қойы ұсақталып кетуі мүмкін 
                      Мал шаруашылығы

                      Бесқали Зұлһарнайұлы: Еділбай қойы ұсақталып кетуі мүмкін 

                      20.08.2025

                      Добавить комментарий Отменить ответ

                      Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

                      Ұсыныстар

                      Абай облысы әкімінің орынбасары қой өсіруге қолайлы өңірдің қожалықтарын аралады

                      Мал шаруашылығын дамытуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы басталды

                      2 месяца ago
                      Көкпекті ауданының фермерлері егіс науқанына дайын

                      Көкпекті ауданының фермерлері егіс науқанына дайын

                      1 год ago
                      Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

                      Жылқы шаруашылығы институты құрылады

                      2 года ago
                      Қазақстан Тәжікстанға астық экспортын ұлғайтуды ұсынды

                      Қазақстан Тәжікстанға астық экспортын ұлғайтуды ұсынды

                      1 год ago

                      Санаттар

                      • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • Әлемде
                      • Жаңалықтар
                      • Кеңестер
                      • Кредит
                      • Мал шаруашылығы
                      • Сақтандыру
                      • Санатсыз
                      • Сиыр тұқымдары
                      • Субсидия
                      • Техника
                      • Эксклюзив

                      Agrotrend – бұл аграрлық секторға бағытталған қазақ тіліндегі арнайы платформа. Біз ауыл ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жаңалықтарды жеткіземіз. Қолданыстағы кредиттер мен субсидиялардың шарттары туралы, соңғы техникалар мен технологиялар жөнінде жан-жақты ақпарат береміз. Біздің мақсатымыз – фермерлерді кеңінен ақпараттандыру, сол арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді барынша қолдау.

                      Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы Куәлік № KZ64VPY00103152, 10.10.2024

                      Байланыс
                      E-mail: agrotrend50@gmail.com
                      Тел: +7 708 425 62 67

                      Соңғы Жаңалықтар

                      • Алыстағы Австралияның агротехнологиясы Абай облысына келеді 19.05.2026
                      • Павлодар облысында май өңдеу зауыты іске қосылды 18.05.2026
                      • Абай облысының агроөнеркәсіп кешені саласында ірі инвестициялық жобалар іске асады 06.05.2026

                      Рубрикалар

                      • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • Әлемде
                      • Жаңалықтар
                      • Кеңестер
                      • Кредит
                      • Мал шаруашылығы
                      • Сақтандыру
                      • Санатсыз
                      • Сиыр тұқымдары
                      • Субсидия
                      • Техника
                      • Эксклюзив

                      © 2024 Digital idea

                      No Result
                      View All Result
                      • Жаңалықтар
                      • Кредит
                      • Техника
                      • Субсидия
                      • Сақтандыру

                      © 2024 Digital idea