Қазақстанда малдардың ауруға шалдығу деңгейі соңғы жылдары 51%-ға төмендеді. Бұл туралы Сенаттағы Үкімет сағатында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, оң нәтижеге ветеринарлық инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру, отандық вакциналар өндірісін ұлғайту және материалдық-техникалық базаны күшейту ықпал еткен.
Негізгі көрсеткіштер:
-
Елде 9,1 млн ірі қара, 23,7 млн ұсақ мал, 4,7 млн жылқы, 302 мың түйе, 569 мың шошқа өсіріледі.
-
Ет өндірісі 914 мың тоннаға жетті.
-
Сиыр және қой еті экспорты 60,8 мың тоннаға артты.
-
Қауіпті 23 ауруға қарсы вакцинация жүргізілуде.
2024 жылдан бері импортты алмастыру қарқындап, отандық вакциналардың үлесі 78%-ға дейін өскен. Соңғы екі жылда 401 ветмекеме салынып, 892 арнайы көлік алынған.
ISZH жүйесі жаңартылып, малды тіркеу, қадағалау және экспорттық бақылау толық цифрланды. Қазақстан трансшекаралық бірнеше ауру бойынша қауіпсіз ел мәртебесін сақтап отыр.
2025 жылға қарай ветеринарлық сертификаттар келісімі арқылы қазақстандық өнім 42 елге экспортталады.
Бердалиннің айтуынша, атқарылған жұмыстар эпизоотиялық қауіпсіздікті күшейтіп, саланың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Сурет: АШМ












































