Аймақта көктемгі дала жұмыстарына дайындық жүріп жатыр, деп хабарлады облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы. Биыл 767 мың гектарға егін егіледі.
296,2 мың гектарға дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 322 мың гектарға майлы дақылдар, 137,0 мың гектарға мал азығы дақылдары, 6,5 мың гектарға картоп, 5,2 мың гектарға көкөніс және бақша дақылдарын егу жоспарланып отыр.
Егіс науқанына 39,6 мың тонна тұқым дайындалды. Қосымша 6,6 мың тонна элиталық тұқым, оның ішінде күнбағыс пен жүгері тұқымдарын сатып алу жоспарлануда. Тұқым сапасын тексеру жұмыстары 60%-ға орындалып, 24 мың тоннадан астам тұқым тексерілді.
83 мың тонна минералдық тыңайтқыш себу жоспарланып отыр.
Егін егу жұмыстарына 12 900 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылады, оның ішінде 7 833 трактор, шамамен 302 жоғары өнімді егіс кешені және басқа да техникалар бар.
Саланы мемлекеттік қолдау «Кең дала 2» бағдарламасы аясында жалғасуда.
2025 жылы өңірдің диқандарына 9,5 млрд теңге сомасына 202 несие берілді.
2026 жылғы егіс науқанына бүгінде 7,1 млрд теңге көлемінде 78 жеңілдетілген несие берілді, сондай-ақ 4,2 млрд теңгенің 83 өтінім қаралуда.
Сурет: Agrotrend.kz
















































