Астанада 4-5 желтоқсан күндері «Тұқым 2025» Тұқым күні қазақстандық көрме-конференциясы өтуде. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған конференция ауыл шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және агрономия саласындағы мамандарды жинады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты.
Іс-шараның ашылуында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен Аграрлық экономикасын қамтамасыз ету үшін тұқым шаруашылығының маңыздылығына тоқталды.
Ол тұқым өсіру мен өндіруге заманауи көзқарастың шешуші рөлін, сондай-ақ өнімділікті арттыру үшін жаңа технологияларды енгізу қажеттілігін атап өтті.
Іс-шараның алғашқы күнінде көрме мен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, онда қатысушылар өздерінің ғылыми жетістіктерін таныстыруға және Қазақстандағы тұқым шаруашылығын дамыту перспективаларын талқылауға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ конференцияда селекциялық және тұқым шаруашылығы жүйесін дамыту стратегиясына арналған сессия отырысы өтіп, мамандар осы саладағы өзекті мәселелер мен жетістіктерді ортаға салды.
Екінші күні селекция мен биотехнологияның заманауи әдістеріне арналған семинарлар мен таныстырылымдар өткізу жоспарланған.
Сурет: АШМ