Абай облысы әкімінің орынбасары Думан Оспановтың төрағалығымен алқа отырысы өтті, деп хабарлады аймақ Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.
Жиынға ауыл шаруашылығы, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармаларының, сондай-ақ «Гипрозем» Абай облысы филиалының басшылары қатысты. Қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары жиынға бейнебайланыс арқылы қосылды.
“Жиын барысында 2024–2028 жылдар кезеңінде Мемлекет басшысы жүктеген ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі тапсырманы жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың орындалу барысы қаралды. Сонымен қатар, топырақ деградациясының себептері мен оны болдырмау жолдары, эпизоотиялық ауру ошақтарының жағдайы, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелері талқыланды. Басқарма басшылары өз бағыттары бойынша жан-жақты ақпарат ұсынып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады”, — делінген Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан ақпаратта.
Отырысты қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Думан Оспанов жауапты басшыларға талқыланған бағыттар бойынша жұмысты күшейтуді және жоспарлардың уақытылы әрі толық орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді.
Сурет: Ауыл шаруашылығы басқармасы














































