AgroTrend
  • Субсидия
    Су үнемдеу технологияларын қолдану оң нәтиже берді

    Су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау 80%-ға артты

    Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

    Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

    Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

    Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

    Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

    Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

    Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

    Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

    Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

    Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

    Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

    Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

    Trending Tags

    • Кредит
      Шағын несиенің шарпатын көргендер

      Шағын несиенің шарпатын көргендер

      Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

      Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

      «Ауыл аманаты» бағдарламасы

      «Ауыл аманаты» бағдарламасы

      Агробизнес бағдарламасы

      Іскер

      Агробизнес бағдарламасы

      Агробизнес бағдарламасы

      Кең дала 2 бағдарламасы

      Кең дала 2 бағдарламасы

      Trending Tags

      • Техника
        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінді

        «ҚазАгроҚаржы» жаңа бағдарламасын іске қосты

        Неміс тракторларын елімізде құрастыру мәселесі қаралды

        Лизингке берілетін техникаларға өтінім қалдау басталады

        Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

        Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

        Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу арнайы ХҚКО-ларға беріледі

        Өз жем-шөбіміз

        Өз жем-шөбіміз

        Аванссыз лизинг

        Аванссыз лизинг

        Жеңілдетілген лизинг

        Жеңілдетілген лизинг

        Қазақстанда жасалған!

        Қазақстанда жасалған!

        Экспресс-лизинг

        Экспресс-лизинг

        Trending Tags

        • Сақтандыру
          Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

          Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

          Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

          Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

          Күздік дақылдарды сақтандыру

          Күздік дақылдарды сақтандыру

          Мал шаруашылығын сақтандыру

          Мал шаруашылығын сақтандыру

          Trending Tags

          • Асыл тұқымды төрт түлік
            • All
            • Сиыр тұқымдары
            Голштин сиыр тұқымы

            Голштин сиыр тұқымы

            Симментал сиыр тұқымы

            Симментал сиыр тұқымы

            Әулиекөл сиыр тұқымы

            Әулиекөл сиыр тұқымы

            Ангус сиыр тұқымы

            Ангус сиыр тұқымы

            Герефорд сиыр тұқымы

            Герефорд сиыр тұқымы

            Қалмақ сиыр тұқымы

            Қалмақ сиыр тұқымы

            Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

            Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

            Trending Tags

              • Сиыр тұқымдары
            No Result
            View All Result
            • Субсидия
              Су үнемдеу технологияларын қолдану оң нәтиже берді

              Су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау 80%-ға артты

              Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

              Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

              Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

              Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

              Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

              Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

              Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

              Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

              Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

              Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

              Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

              Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

              Trending Tags

              • Кредит
                Шағын несиенің шарпатын көргендер

                Шағын несиенің шарпатын көргендер

                Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

                Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

                «Ауыл аманаты» бағдарламасы

                «Ауыл аманаты» бағдарламасы

                Агробизнес бағдарламасы

                Іскер

                Агробизнес бағдарламасы

                Агробизнес бағдарламасы

                Кең дала 2 бағдарламасы

                Кең дала 2 бағдарламасы

                Trending Tags

                • Техника
                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінді

                  «ҚазАгроҚаржы» жаңа бағдарламасын іске қосты

                  Неміс тракторларын елімізде құрастыру мәселесі қаралды

                  Лизингке берілетін техникаларға өтінім қалдау басталады

                  Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

                  Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

                  Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу арнайы ХҚКО-ларға беріледі

                  Өз жем-шөбіміз

                  Өз жем-шөбіміз

                  Аванссыз лизинг

                  Аванссыз лизинг

                  Жеңілдетілген лизинг

                  Жеңілдетілген лизинг

                  Қазақстанда жасалған!

                  Қазақстанда жасалған!

                  Экспресс-лизинг

                  Экспресс-лизинг

                  Trending Tags

                  • Сақтандыру
                    Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

                    Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

                    Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

                    Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

                    Күздік дақылдарды сақтандыру

                    Күздік дақылдарды сақтандыру

                    Мал шаруашылығын сақтандыру

                    Мал шаруашылығын сақтандыру

                    Trending Tags

                    • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • All
                      • Сиыр тұқымдары
                      Голштин сиыр тұқымы

                      Голштин сиыр тұқымы

                      Симментал сиыр тұқымы

                      Симментал сиыр тұқымы

                      Әулиекөл сиыр тұқымы

                      Әулиекөл сиыр тұқымы

                      Ангус сиыр тұқымы

                      Ангус сиыр тұқымы

                      Герефорд сиыр тұқымы

                      Герефорд сиыр тұқымы

                      Қалмақ сиыр тұқымы

                      Қалмақ сиыр тұқымы

                      Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

                      Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

                      Trending Tags

                        • Сиыр тұқымдары
                      No Result
                      View All Result
                      AgroTrend
                      No Result
                      View All Result

                      Ғайса Абсатиров: эпизоотиялық ахуалды айқындайтын ақпараттық-талдау қызметі қажет

                      Ғайса Абсатиров: эпизоотиялық ахуалды айқындайтын ақпараттық-талдау қызметі қажет
                      Facebook-та бөлісу Telegram-да бөлісу

                      Еліміздің ветеринария саласына айтылып жатқан сын көп. Мал ауруларын анықтау, болжау, емдеу және басқа да толып жатқан мәселелер түбегейлі бір шешімін таппағанға ұқсайды. Атқарылып жатқан жұмыстар қыруар болғанмен, нәтиже көңіл көншітердей емес. Осы бір өзекті мәселе жайында «Батыс Қазақстан облысының ветеринарлық дәрігерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ветеринария ғылымының докторы, профессор Ғайса Абсатиров ағамызбен сұхбаттасып, саланың бүгінгі ахуалына қатысты пікірін білген едік.

                      — Ғайса Ғарапұлы, қазір елімізде мал ауруының қандай түрлері қауіп төндіріп тұр, оның алдын алу немесе жою тұрғысынан қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

                      —  Өкінішке қарай кеңінен белең алған аса каупті бруцеллез ауруына биліктегілер де, халық та әбден үйреніп кеткен сияқты. Ондаған жылдар бойы біз бұл аурумен күресудің тиімді жолдарын таба алмай келе жатырмыз. Біздің маңдайымызға осы аурумен өмір сүру жазылып қойған сияқты сезіледі.  Жыл сайын 30 мыңға жуық ірі қара мал бруцеллезбен ауырып, мәжбүрлі түрде сойылады, сонымен қатар жыл сайын 500-ден астам адам осы қауіпті аурумен ауырып мүгедек болуы мүмкін. Айта кету керек, бұл ауру мемлекет пен қоғамға орасан зор экономикалық зиян келтіріп келеді. Бірақ бұл аурумен тиімді түрде күресуге, алдын алуға болады және ол өте қажет. Тек бейінді министрлік пен уәкілетті ветеринариялық органдар проблемаға назар аударып, оларды шешу жолдарын іздеуі қерек. Ал бізде көп жылдар бойы бұл жұмыс бағытсыз, жүйесіз жүріп келеді. Жоғардағылар ғалымдардың ұсыныстарын, практик мамандардың пікірлерін ескермейді. Елімізде бруцеллездің мәселелерін шеше алатын көптеген тәжірибелі ғалымдар бар, практиктер жеткілікті.

                       —  Сібір жарасы деп аталып кеткен мал ауруы да өзекті болып тұр ғой. Бұл жөнінде не айтасыз?

                      —  Сібір жарасының пайда болуы мен таралуының тарихи мәліметтеріне қарасақ, бұл аса қауіпті ауру Қазақстанның әр аймағында жиі тіркеліп, адамдардың жұқтыру деректері айғақталып отыр. Жыл сайын өңірлерде аурудың өршуі байқалады және адамдар өте алаңдатарлық түрде жұқтырады. Өлімге әкелген жағдайлар да бар. Ашық дереккөздердің ақпараты бойынша 2016-2024 жылдар аралығында Қазақстанда 109 адам сібір жарасын жұқтырған, оның ішінде өлім-жітім де болған. Еске сала кетейін, бруцеллез және сібір жарасы жануарлардан адамдарға жұғады. Өткен жылы Ақмола облысында сібір жарасынан 30-дан астам ірі қара мал қырылып, 15 адам жұқтырған. Қостанай облысында 2024 жылдың жаз айларында сібір жарасынан 20-дан астам ірі қара мал өлген. Биыл қыркүйек айында Алматы облысында 16 адам осы аса қауіпті аурумен ауырды. Аурудың алдын алу үшін бөлінетін қомақты қаражатқа қарамастан, карантиндік эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге бюджеттен қосымша мол қаражы бөлінеді.

                      Жоғардағы сібір жарасы туралы алынған статистика мәліметтерге қарасаңыз, онда бұл ауру бізде жануарлардағы эпизоотия және адамдардағы эпидемия сипатына айналып бара жатыр.  Мұның себебі неде? Бұл жерде біздің пікіріміз бойынша жауапкершіліктің үлкен үлесі ветеринариялық қызметке тиесілі. Сондай-ақ республикалық уәкілетті органдар, облыстар мен аудандардың бақылаушы органдары бұл мәселеге жауапты деп есептеймін.

                      —  Сонда сіздің пікіріңізше осы іске жауапты мамандар селқостық танытып отыр ма, немқұрайлылық бар ма?

                      Қаншалықты ауыр болса да айтайын. Ветеринарлық мамандар өздерінің тікелей функционалдық міндеттерін орындамайтынын, аумақтық инспекциялардың да кемшіліктері бар екенін мойындауымыз керек. Аудандық және облыстық аумақтық инспекциялар ҚР АШМ КВКиН туралы Ережеде белгіленген өздерінің тікелей функционалдық міндеттерін дұрыс орындамай отыр. Атап айтқанда:

                      1. Жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
                      2. Халық денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау;
                      3. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
                      4. Ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру сияқты міндеттер бүгінгі таңда өз деңгейінде атқарылып отырған жоқ. Сонымен бірге айтып кететін жағдай, облыстарының ветеринария басқармасының және аудандық ветстанцияның мамандары не бітір жүр, олардың тікелей міндеті сол қызметке белсенді араласып, індет жағдайын қалпына келтіру емес пе? Қашан біздің мамандарымыз өз қызметін абройымен аткарады? Мені алаңдататын осы сұрақтар.

                      Соны көріп Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстардағы аумақтық инспекциялары атынан жауапсыз және қабілетсіз мамандарды ұстаудың қажеттілігі бар ма деген мәселе туындайды. Олар жылы кабинетте отырып, тек статистикалық деректерді жинаумен айналысады.  Тікелей функционалдық міндеттері жайына қалады. Бұл қаншалықты дұрыс және қашан өз мамандығына шын жанашыр азаматтар келеді?

                      Бір сөзбен айтқанда, олардың әрекетсіздігі, уәкілетті органдарда дарынсыз басшылардың отырғаны ұят жағдай. Сібір жарасын жұқтырған азаматтарға обал. Бұл айтылғандар бейінді министрлік пен ветеринарияның уәкілетті орган басшыларының эпизоотиялық жағдайға сараптама жүргізбейтіндігін, экономикалық талдау жасамайтындығын айғақтайды.

                      Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі жауапты комитеттің жанынан міндетті экономикалық талдауды қамтитын эпизоотиялық ахуалды мониторингілеу мен болжау ақпараттық-талдамалық қызметін құру ұсынылады.

                      —  Астанада өткен «Jana Dala/Vet Astana 2024» халықаралық көрмесінде мал ауруларын анықтау мен емдеуде кететін қателіктер жайында баяндама жасаған едіңіз. Мал дәрігерлері қандай қателіктерге жол береді?

                      —  Әрине, ветеринарлар әдейі қате жасамайды. Жұмыс бар жерде қателік кететіні заңды. Бірақ, бұл қате жіберуге болады екен дегенді білдірмейді. Бұрынғы тәжірибедегі қателіктерді жібермеу үшін мамандар өткеннен сабақ алулары керек, біліктіліктерін арттырулары қажет. Сонымен бірге өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарағандары жөн болар еді. Қазақта «Ауруын жасырған өледі» деген сөз бар. Біздің кей аудандардағы мамандар мал ауруын жасырады. Жасырғаннан еш пайда жоқ. Ол адамға жұғады, түбі жақсылыққа апармайды. Шу шығармау үшін жасыруға тырысады. Керісінше, ауру шықты ма, бірден мамандарды шақырып, сол ауру шыққан жерді оқшаулау керек, тиісті іс-шараларды жүргізулері тиіс.

                      Бірінші қателік – ауырған жануарға дұрыс диагноздың қойылмау. Мысалы зертханаға құтыру ауруына шалдыққан малдың ішкі ағзаларын жіберген. Одан ештеңе таппадық дейді. Негізі құтыру дертіне шалдыққан жануардың ішкі ағзасын емес, зертханаға оның миын жіберулері тиіс болған. Бұл аурудың вирусы мидың жасушаларында мекендейді. Дер кезінде дұрыс диагноз қойылмаған соң, оқшауланбаған соң уақыт өте келе қасындағы малға жұғады. Бір шаруашылықта осындай дерек тіркелді. Дер кезінде анықтамағанның салдарынан 10 бас мал шығын болған. Бұл ауру қайдан келеді? Шаруашылықтар тазы иттер асырайды, оларды аңға салады. Ит түлкі немесе қоян алады. Түз тағыларында осы құтыру ауруы болғандықтан итке жұққан, ит арқылы қорадағы малға жұққан. Ал адамға жұқса не болар еді? Оны ойлаудың өзі қорқынышты. Сібір жарасы, аусыл, қарасан, топалаң және басқа да мал ауруларындағы көріністер де осындай. Бұл жерде мамандардың біліксіздігі, зертханалардың жедел жұмыс істемеуі сияқты факторлар бар. Бір маманды ғана кінәлауға тағы болмайды. Бұл кешенді жұмысқа атсалысатын барлық мамандардың жауапкершілігі болуы тиіс. Ауру шықты ма, оны асқынып кетпей тұрғанда дереу анықтап, ауырған малды оқшаулау керек. Сонымен қатар ауырған мал тұрған жерге залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажет. Қай ауруға қандай дәрі қолдану керектігіне де ерекше назар аударған дұрыс.

                      — Ветеринария саласында маман тапшы деген ақпаратты жиі көзіміз шалады. Мұның себебі неде?

                       — Соңғы кезде ветеринария саласында кадр тапшылығы қатты сезілуде. Жыл сайын «Ветеринария» білім беру бағдарламасына 1 мыңға жуық грант бөлінгенмен, оның 50%-дан астамына сұраныс жоқ. Бұл – жастардың ветеринария маманы болуға қызығушылығы мен ынтасы жоқтығын көрсетеді.

                      Оның бірнеше себебі бар. Атап айтқанда:

                      — мамандықтың беделі жоқ және болашағына күмәнмен қарайды;

                      —  Өндірістік жағдай жасалмаған (ауылдық округтердің 70 пайызында ветеринариялық пункттер жоқ және олар ауыл әкімдігі кабинеттерінің бірінде отыруға мәжбүр);

                      — ауылдық округтерде фиксаторлары бар расколдар жоқ, жаппай ветеринарлық жұмыстарды жүргізу үшін мал дәрігерлері елдің аулалары мен қораларанда жүруге мәжбүр. Бұл олар үшін ауыр және қауіпті. Ауру жұқтырып алулары мүмкін;

                      — қызметтік автокөліктер 10-11 жылда әбден ескірді, жаңартуды қажет етеді;

                      — жалақы әлі де төмен;

                      — осы уақытқа дейін бір ветеринар қызмет көрсетуі тиіс мал басының жүктеме нормасы анықталған жоқ;

                      — ауылдық ветеринар өзінің тікелей функционалдық міндеттерінен басқа, жануарларды сәйкестендірудің электрондық базасын жүргізуі керек. Оны негізінен интернеттің қол жетімділігіне байланысты кешкі уақытта ғана істеуге болады;

                      — ветеринардың жұмыс күнінің уақыты бір қалыпта емес, тәуліктің кез келген сағатында жұмыс істеуі мүмкін. Ветеринар мамандарды моральдық және материалдық ынталандыру шаралары мүлдем жоқ.

                      Сондай-ақ, бейінді жоғары оқу орындарында жас мамандарды даярлау процесін жетілдіру талап етіледі. Оқу жоспарларында бейіндік және базалық пәндер бойынша сағат көлемі қысқарады, жекелеген жоғары оқу орындарында ректораттың нұсқауы бойынша профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесінен дәріс сабақтары алынып тасталды. Мұның бәрі жас мамандарды даярлау сапасына кері әсер етеді. Тағы бір мәселе, Қазақстанда салалық мерзімді бұқаралық ақпарат құралы жоқ. 15 жылдан бері БҚО-да жалғыз облыстық «Жайык ветеринары» газеті ғана жарық көріп келеді. Ол республиканың барлық аумағына жетпейді. Осы саладағы күрделі мәселелердің күрмеуін шешуге кеңес беретін, тың технологияларды таныстыратын, жас ветеринар мамандар үшін өте қажет ғылыми тұжырымдамалар, өте қажет ақпараттар жарияланатын газет немесе журнал болғаны дұрыс деп есептеймін. Ал интернеттегі дүние бүгін бар, ертең жоқ. Ондағы жазылғандарды ауылдағы ветеринарлардың бәрі бірдей оқи алмайды. Қолға алынуы тиіс жұмыстардың бірі осы.

                      —  Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлкен мәселе. Ол үшін төрт түлігіміз түрлі аурулардан таза болуы шарт қой. Мұны экономикалық мәселе ретінде қарастырған жөн болар?

                      —  Иә, дұрыс айтасыз. Халықтың денсаулығы мықты болу үшін оның азығы дұрыс болу керек қой. Соның ішінде сүт, ет пен ет өнімдерінің алар орны ерекше. Ал ет пен сүт деген өзіміз өсіріп отырған малымыз. Сондықтан, малымызды түрлі ауруларға қарсы уақытында ектіруіміз керек. Ауырса жасыруға болмайды. Бұл тұрғыда ветеринария саласына артылар жүк ауыр, жауапкершілік үлкен. Салада білікті мамандар жұмыс істеуі керек, олар жыл сайын білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттырып отырулары тиіс. Одан бөлек, әр маман өз қызметіне жауапкершілікпен қарайтындай болғаны абзал. Мысалы, өзіміз тұтынғаннан бөлек, мал етін сырт елдерге экспорттаймыз. Егер ауру шығып жатса, оның емін таба алмасақ, ауру ошағын дер кезінде жоя алмай жатсақ, бізден кім ет алады? Көршілес елдер бұл мәселеге өте қатты қарайды. Экономикалық тұрғыдан алғанда зиян шегеміз ғой. Жоғарыда айтып отырған ұсынысым да сол. Ауыл шаруашылығы министрлігі жауапты комитеттің жанынан міндетті экономикалық талдауды қамтитын эпизоотиялық ахуалды мониторингілеу мен болжау ақпараттық-талдамалық қызметін құру керек және оның жұмысын күшейтіп, құзырет беру керек. Сонда саладағы жүйесіздікті ретке келтіруге болады.

                      —  Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

                      Сұхбаттасқан Қанат Азанғалиұлы.

                       

                       

                      Қатысты

                      Биотехнолог: қойды қолдан ұрықтандырған дұрыс
                      Эксклюзив

                      Биотехнолог: қойды қолдан ұрықтандырған дұрыс

                      23.06.2025
                      Б.Оспанов: «Еділбай» – ата-бабамыздан қалған ерекше қой тұқымы
                      Эксклюзив

                      Б.Оспанов: «Еділбай» – ата-бабамыздан қалған ерекше қой тұқымы

                      23.06.2025
                      Еңбек адамын ескерген елдің ертеңі жарқын
                      Эксклюзив

                      Еңбек адамын ескерген елдің ертеңі жарқын

                      07.06.2025
                      Next Post
                      Биыл Арал ауданында 7400 тонна балық ауланады

                      Мәжіліс балық шаруашылығын дамытуға арналған заңды мақұлдады

                      Атыраудағы мал базарында өлген сиырдан сібір жарасы анықталды

                      Атыраудағы мал базарында өлген сиырдан сібір жарасы анықталды

                      Жетісу облысының зауыттары күніне 5 мың тонна қант қызылшасын қабылдайды

                      Жетісу облысының зауыттары күніне 5 мың тонна қант қызылшасын қабылдайды

                      Добавить комментарий Отменить ответ

                      Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

                      Ұсыныстар

                      Олжас Бектенов: дизель отыны фермерлерге кедергісіз жеткізілуі тиіс

                      Олжас Бектенов: дизель отыны фермерлерге кедергісіз жеткізілуі тиіс

                      1 месяц ago
                      Таразда несие серіктестіктерінің VI форумы өтті

                      Таразда несие серіктестіктерінің VI форумы өтті

                      8 месяца ago
                      Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

                      Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

                      8 месяца ago
                      Неміс тракторларын елімізде құрастыру мәселесі қаралды

                      2025-жылы ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің көлемі өседі

                      7 месяца ago

                      Санаттар

                      • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • Әлемде
                      • Жаңалықтар
                      • Кеңестер
                      • Кредит
                      • Мал шаруашылығы
                      • Сақтандыру
                      • Санатсыз
                      • Сиыр тұқымдары
                      • Субсидия
                      • Техника
                      • Эксклюзив

                      Agrotrend – бұл аграрлық секторға бағытталған қазақ тіліндегі арнайы платформа. Біз ауыл ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жаңалықтарды жеткіземіз. Қолданыстағы кредиттер мен субсидиялардың шарттары туралы, соңғы техникалар мен технологиялар жөнінде жан-жақты ақпарат береміз. Біздің мақсатымыз – фермерлерді кеңінен ақпараттандыру, сол арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді барынша қолдау.

                      Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы Куәлік № KZ64VPY00103152, 10.10.2024

                      Байланыс
                      E-mail: agrotrend50@gmail.com
                      Тел: +7 708 425 62 67

                      Соңғы Жаңалықтар

                      • Биотехнолог: қойды қолдан ұрықтандырған дұрыс 23.06.2025
                      • Мал шаруашылығына жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосалады 23.06.2025
                      • Б.Оспанов: «Еділбай» – ата-бабамыздан қалған ерекше қой тұқымы 23.06.2025

                      Рубрикалар

                      • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • Әлемде
                      • Жаңалықтар
                      • Кеңестер
                      • Кредит
                      • Мал шаруашылығы
                      • Сақтандыру
                      • Санатсыз
                      • Сиыр тұқымдары
                      • Субсидия
                      • Техника
                      • Эксклюзив

                      © 2024 Digital idea

                      No Result
                      View All Result
                      • Жаңалықтар
                      • Кредит
                      • Техника
                      • Субсидия
                      • Сақтандыру

                      © 2024 Digital idea