Қазақстанның ауыл шаруашылығын және өнеркәсіп секторларын нығайтуға бағытталған маңызды қадам Deere & Company, Eurasia Group және «Бәйтерек» холдингі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою арқылы жасалды, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.
Келісімнің мақсаты – Қазақстанда технологияларды дамытуға, білім алмасуға және тұрақты дамуға жәрдемдесу.
Меморандум талаптарына сәйкес, серіктестік жаңа технологияларды енгізуге, цифрлық трансформация мен өнеркәсіптік дамуға баса назар аударады, бұл ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп секторларының тиімділігін арттыруды мақсат етеді.
«Алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланып, білім алмасуды қолдау арқылы біз экономикаға да, жергілікті халыққа да пайда әкелетін тұрақты өсімнің негізін қалыптастырамыз», – деп мәлімдеді John Deere-дің ТМД және Орталық Азия бойынша «Ауыл шаруашылығы және көгалдар» бағытындағы президенті Чаба Лейко.
«Қазақстанға тікелей инвестициялар салуға деген әлемдік салалық көшбасшылардың қызығушылығын құптаймыз, өйткені бұл біздің ел мен өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін іске асыру арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етеді», – деп атап өтті «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы.
Бұл келісім жаңа жұмыс орындарын ашуға, экономикалық тәуелсіздікті арттыруға және Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының тұрақты өсуіне ықпал етеді деп күтілуде. Ол Deere & Company, Eurasia Group және «Бәйтерек» холдингінің Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оны Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік дамудағы көшбасшы ретінде қалыптастыруға бағытталған ортақ мақсатты көздейді.
Сурет: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ