Астанада үш күнге жоспарланған жем-шөп пен ветеринария бойынша «Jańa Dala/Vet Astana ‘2024» халықаралық көрмесі және мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы бойынша «Jańa Dala / Farm Astana ‘2024» халықаралық көрмесі өтіп жатыр.
Көрме аясында мал шаруашылығы, ветеринария және жем-шөп өндіру саласындағы мамандар Астанада агробизнес пен өндірісті дамытуға ықпал ететін ең үздік тауарлар мен қызметтерді таныстырады. Сондай-ақ саладағы өзекті проблемаларды талқылаып, оларды шешудің жолдарын қарастырады.
Көрмелердің мақсаты – мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы кәсіпорындарына бизнесті тиімді жүргізуге жәрдемдесу. Атап айтқанда, тәжірибемен бөлісу, өндіріс технологияларымен алмасу және өзекті мәселелердің оң шешімін табуға ықпал ететін кеңестер өткізу.
Көрмелердің ғылыми-пікірталас компоненті 50-ге жуық түрлі іс-шаралар мен тақырыптарды қамтиды. Атап айтқанда, сүт шаруашылығы мен мал генетикасындағы инновациялық шешімдерден бастап, препараттар мен мал басын электрондық есепке алу жүйелерін практикалық қолдануға дейінгі жаңалықтар ортаға салынады.
Көрмелер аясында өтетін конференцияларға, семинарларға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінң өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, салалық қоғамдық бірлестіктер мен шетелдік ұйымдардың сарапшылары, отандық даму институттары қатысады.
Бірінші күні қатысушылар тауарлы сүт фермаларындағы жануарлардың денсаулығына қатысты мәселелерді шешу тәжірибесін, сүт шаруашылығындағы инновациялық шешімдерді қарастырды.
Ветеринария ғылымдарының PhD докторы, Zendal компаниялар тобының Ветеринария бойынша техникалық кеңесшісі Карлос Чипани Испанияның бруцеллезді толығымен жою тәжірибесі туралы айтты.
Сондай-ақ, «ет жобасы: қайта жүктеу», «ет өнімдерін экспорттау перспективалары, экспорт жұмысындағы кедергілер» және т. б. сессиялар өтті.
7-қараша күні ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің қатысуымен ветеринария саласына қатысты мәселелер талқыланып, үздік бұқа ұлттық байқауының қорытындысы шығарылады.
Сурет: agrotrend.kz