Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы ауқымды көрме өтіп жатыр. «Expo Group» халықаралық көрме компаниясы «неміс акцентімен» ұйымдастырылған ауқымды іс-шара әлемнің 20 елінен келген агроөнеркәсіп кешенінің 250 үздік компаниясының басын қосты.
Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Бердалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстандағы Германия елшілігінің өкілдері қатысты.
Көрменің ерекшелігі – Германияның ТМД аумағындағы ауыл шаруашылығы көрмелерінің ресми серіктесі ретінде алғаш рет қатысуы. 40 неміс компаниясы, ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер және басқа да компаниялар өздерінің заманауи өнімдері мен технологияларын таныстыруда.
Өсімдік шаруашылығына арналған көрмеде тұқым таңдаудан бастап өңдеу технологияларына дейінгі өндіріс процесі толық қамтылса, мал шаруашылығына арналған көрмеде фермерлер бордақылау алаңдары мен сүт-тауар фермаларына арналған өнімдердің циклімен таныстырды.
Сурет agrotrend.kz