Ауыл шаруашылығы мен ауылдық аймақтарды дамытудағы тұрақты прогресс. Қытай билігінің мәлімдеуінше, бұл — елдің 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарының алғашқы жылындағы аралық қорытындылар. Бұл туралы CGTN Қытай Медиа Корпорациясының ресми әлеуметтік желісінде хабарланды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, биыл Қытайда жазғы астық өнімі алғаш рет 150 млн тоннадан асты. Бірінші маусымдық күріш түсімі қатарынан 6-шы жыл 28 млн тоннадан асып отыр. Қазір елде ауқымды күзгі егін жинау науқаны жүріп жатыр. Жыл қорытындысы бойынша астықтан мол өнім күтілуде.
Алдағы бес жыл ішінде ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі төрт негізгі бағытқа басымдық беруді жоспарлап отыр:
Астық өндірісінің көлемі мен сапасын арттыру;
Кедейлікпен күресте қол жеткізілген нәтижелерді нығайту;
Ауыл шаруашылығы технологияларын жетілдіру және реформаларды тереңдету;
Жергілікті жағдайларды ескере отырып, қолайлы әрі экономикалық тұрғыдан әл-ауқаты жоғары ауылдық елді мекендерді дамыту.
Photo: VCG













































