«Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы — «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2026 жылғы 1 қазаннан бастап «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 2027 жылғы көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыруға өтінім қабылдауды бастайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5% деңгейінде белгіленеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша ерте қаржыландыру тетігін Аграрлық несие корпорациясы алғаш рет 2024 жылдың соңында енгізді. Бұл мүмкіндік шаруаларға маусымға алдын ала дайындалып, егіс науқаны басталғанға дейін негізгі шығындарын жоспарлауға жол ашты. 2027 жылғы егін егу маусымы да ерте қаржыландырылады. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 2026 жылғы 1 қазанда өтінімдер қабылдана бастайды.
Сурет: Agrotrend.kz












































