«ҚазАгроҚаржы» АҚ мен Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясы (ICD) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім компанияға фермерлерді қолдау үшін 20 млрд теңгеге дейін Ислам корпорациясының қаржыландыруына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ICD баспасөз қызметі хабарлады.
Қаражат ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуды қаржыландыруға, сондай-ақ негізгі қорларды жаңартуға бағытталатыны атап өтілді.
ҚазАгроҚаржы мәліметтері бойынша, қаржыландыру компанияның клиенттеріне Иджара исламдық лизинг механизмі бойынша тартымды жеңілдігі бар шарттармен берілетін болады. Мәміле бойынша барлық параметрлер алдын ала анықталады, шарттың бүкіл мерзіміне белгіленеді және исламдық қаржыландырудың қатаң этикалық стандарттарына толық сәйкес келеді.
ҚазАгроҚаржының тәуелсіз директоры Рустам Абдусаламовтың айтуынша, компания қазақстандық агроөнеркәсіпті қолдау құралдарын кеңейтуді жалғастыруға ниетті.
Сурет: ҚазАгроҚаржы











































