Су саласын дамытудың 2024-2028-ші жылдарға арналған республикалық Кешенді жоспарына сәйкес Абай облысында 6 су қоймасы салынып, 10 гидротехникалық құрылыс жүргізіледі, сондай-ақ, 17 ирригациялық жүйені қайта жаңартылады. Бұл туралы аймақ әкімі Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
«Облысымызда 113,4 мың гектар суармалы жер алаңы бар. Оның 31,6 мың гектары немесе 27,8%-ы пайдаланылып отыр. Су үнемдейтін технологияларды қолданылатын алаң 22,1 мың га жеткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 8,3 мың га ұлғайды. Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған республикалық Кешенді жоспарына сәйкес облыста 6 су қоймасы салынып, 10 гидротехникалық құрылыс жүргізіледі, сондай-ақ, 17 ирригациялық жүйе қайта жаңартылады. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде 31 мың гектар жаңа суармалы жерлер айналымға енгізіліп, 180 миллион текше су жинақталады. 181 шақырым магистральдық арналар жөнделеді. 1 гектардан алынатын өнімділік 16 центнерден 27 центнерге дейін артады», — деді облыс әкімі.
Бұдан бөлек, Ертіс өзенінің гидропотенциалын пайдалану арқылы облыстың суармалы жер көлемі қосымша 70 мың гектарға кеңейтіліп, жиыны 214 мың гектарға жеткізілмек. Нәтижесінде су үнемдейтін техноголияларды қолдану алаңы 13,9 мың гектардан 88,2 мың гектарға дейін ұлғаймақ.
Сурет: Agrotrend.kz














































