AgroTrend
  • Субсидия
    Су үнемдеу технологияларын қолдану оң нәтиже берді

    Су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау 80%-ға артты

    Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

    Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

    Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

    Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

    Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

    Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

    Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

    Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

    Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

    Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

    Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

    Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

    Trending Tags

    • Кредит
      Қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығаратын кәсіпкер

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыру жалғасуда

      Шағын несиенің шарпатын көргендер

      Шағын несиенің шарпатын көргендер

      Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

      Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

      «Ауыл аманаты» бағдарламасы

      «Ауыл аманаты» бағдарламасы

      Агробизнес бағдарламасы

      Іскер

      Агробизнес бағдарламасы

      Агробизнес бағдарламасы

      Кең дала 2 бағдарламасы

      Кең дала 2 бағдарламасы

      Trending Tags

      • Техника
        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінді

        «ҚазАгроҚаржы» жаңа бағдарламасын іске қосты

        Неміс тракторларын елімізде құрастыру мәселесі қаралды

        Лизингке берілетін техникаларға өтінім қалдау басталады

        Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

        Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

        Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу арнайы ХҚКО-ларға беріледі

        Өз жем-шөбіміз

        Өз жем-шөбіміз

        Аванссыз лизинг

        Аванссыз лизинг

        Жеңілдетілген лизинг

        Жеңілдетілген лизинг

        Қазақстанда жасалған!

        Қазақстанда жасалған!

        Экспресс-лизинг

        Экспресс-лизинг

        Trending Tags

        • Сақтандыру
          АШМ еркек тайыншалар мен тоқтыларды экспорттауға квота лимитін арттырды

          Мал мен құсты кез келген уақытта сақтандыруға болады

          Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

          Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

          Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

          Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

          Күздік дақылдарды сақтандыру

          Күздік дақылдарды сақтандыру

          Мал шаруашылығын сақтандыру

          Мал шаруашылығын сақтандыру

          Trending Tags

          • Асыл тұқымды төрт түлік
            • All
            • Сиыр тұқымдары
            Голштин сиыр тұқымы

            Голштин сиыр тұқымы

            Симментал сиыр тұқымы

            Симментал сиыр тұқымы

            Әулиекөл сиыр тұқымы

            Әулиекөл сиыр тұқымы

            Ангус сиыр тұқымы

            Ангус сиыр тұқымы

            Герефорд сиыр тұқымы

            Герефорд сиыр тұқымы

            Қалмақ сиыр тұқымы

            Қалмақ сиыр тұқымы

            Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

            Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

            Trending Tags

              • Сиыр тұқымдары
            No Result
            View All Result
            • Субсидия
              Су үнемдеу технологияларын қолдану оң нәтиже берді

              Су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау 80%-ға артты

              Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

              Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

              Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

              Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

              Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

              Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

              Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

              Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

              Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

              Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

              Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

              Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

              Trending Tags

              • Кредит
                Қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығаратын кәсіпкер

                Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыру жалғасуда

                Шағын несиенің шарпатын көргендер

                Шағын несиенің шарпатын көргендер

                Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

                Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

                «Ауыл аманаты» бағдарламасы

                «Ауыл аманаты» бағдарламасы

                Агробизнес бағдарламасы

                Іскер

                Агробизнес бағдарламасы

                Агробизнес бағдарламасы

                Кең дала 2 бағдарламасы

                Кең дала 2 бағдарламасы

                Trending Tags

                • Техника
                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінді

                  «ҚазАгроҚаржы» жаңа бағдарламасын іске қосты

                  Неміс тракторларын елімізде құрастыру мәселесі қаралды

                  Лизингке берілетін техникаларға өтінім қалдау басталады

                  Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

                  Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

                  Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу арнайы ХҚКО-ларға беріледі

                  Өз жем-шөбіміз

                  Өз жем-шөбіміз

                  Аванссыз лизинг

                  Аванссыз лизинг

                  Жеңілдетілген лизинг

                  Жеңілдетілген лизинг

                  Қазақстанда жасалған!

                  Қазақстанда жасалған!

                  Экспресс-лизинг

                  Экспресс-лизинг

                  Trending Tags

                  • Сақтандыру
                    АШМ еркек тайыншалар мен тоқтыларды экспорттауға квота лимитін арттырды

                    Мал мен құсты кез келген уақытта сақтандыруға болады

                    Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

                    Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

                    Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

                    Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

                    Күздік дақылдарды сақтандыру

                    Күздік дақылдарды сақтандыру

                    Мал шаруашылығын сақтандыру

                    Мал шаруашылығын сақтандыру

                    Trending Tags

                    • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • All
                      • Сиыр тұқымдары
                      Голштин сиыр тұқымы

                      Голштин сиыр тұқымы

                      Симментал сиыр тұқымы

                      Симментал сиыр тұқымы

                      Әулиекөл сиыр тұқымы

                      Әулиекөл сиыр тұқымы

                      Ангус сиыр тұқымы

                      Ангус сиыр тұқымы

                      Герефорд сиыр тұқымы

                      Герефорд сиыр тұқымы

                      Қалмақ сиыр тұқымы

                      Қалмақ сиыр тұқымы

                      Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

                      Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

                      Trending Tags

                        • Сиыр тұқымдары
                      No Result
                      View All Result
                      AgroTrend
                      No Result
                      View All Result

                      Бесқали Зұлһарнайұлы: Еділбай қойы ұсақталып кетуі мүмкін 

                      Бесқали Зұлһарнайұлы: Еділбай қойы ұсақталып кетуі мүмкін 
                      Facebook-та бөлісу Telegram-да бөлісу

                          Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында «Ауыл» партиясының және аймақ әкімдігінің ұйымдастыруымен қой шаруашылығына арналған «AUYL FEST» бірінші халықаралық этомәдени фестивалі өткен еді. Осы іс-шараға Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына қарасты Сарыжар ауылынан барған «Торанғұл» шаруа қожалығының иесі Бесқали Зұлһарнайұлымен сұхбаттасып, қой шаруашылығын дамытудың мән-жайын сұраған едік.

                       – Оралда алғаш рет өткен «AUYL FEST» этомәдени фестиваліне бардыңыз. Көңіліңізден шықты ма?

                      – Біз бұл фестивальға отбасымызбен бардық. Өте жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. Өйткені тек қана қой шаруашылығы емес, қазақтың қолөнерін көрсеткендері, тарихымызды айшықтағандары, киіз үй тіккендері ұнады. Мен бес қызымды алып барған едім. Оларға жүнді қалай түтетінін, қалай иіретінін, қалай тоқитынын көрсеттік. Халқымыздың ұлттық ойындарын тамашаладық. Түрлі жарыстарға куә болдық. Дәл осындай деңгейде өтеді деп ойламаған едік. Халық та көп жиналған екен. Жұрттың қызығушылығы жоғары болғанын анық аңғаруға болады.

                      – Көрмеге әкелінген қойларға қандай баға бересіз?

                       – Өзім Еділбай мен Гиссар тұқымын өсіріп отырғандықтан, сол тұқымдар қызық болды. «Бірлік» мал зауытының екі жарым, үш жарым жасар қошқарлары әсіресе көңілімнен шықты. Экстерьері, салмағы жағынан мықты қошқарлар әкелінген екен. Соңғы 3-4 жылда дәл мұндай қошқарларды көрмеген едім.

                      – Кеңесте Еділбай қойының сапасын арттыру, жалпы қой шаруашылығын дамыту жайы айтылған еді. Сіздің пікіріңіз қандай?

                       – Еділбай қойын дамыту туралы айтар болсақ, бұл тұқымға мақсатты түрде селекция жасау керек. Сөздің шыны керек, ірі қошқарлар қазір үлкен шаруашылықтарда ғана қалды. Жалпы, Еділбай қойының тұқымы ұсақталып бара жатыр. Бұл дабыл қағатын мәселе. Сондықтан тез арада, жүйелі түрде көңіл бөліп, мықты селекциялық жұмыстарды жүргізу керек болып тұр. Бұл кезек күттірмейтін күн тәртібіндегі шаруа деңгейіне көтерілуі шарт. Қошқарларды да, аналық басты да ірілендіру қажет. Салмағын арттыру жағына басымдық берген дұрыс. Бүгінігі күннің өзінде таза қанды, жақсы Еділбай қошқарын табу қиын. Соның себебінен көптеген шаруалар Гиссар қошқарларын алып, қойларына қосуға мәжбүр. Әр шаруашылық баққан қойының пайдасын көру үшін ұстайды. Ал пайдасын көру үшін жақсы салмақ беретін қозы керек. Арашан, Гиссар сияқты қой тұқымдарына бәсекелесу үшін селекцияға қатты көңіл бөлу қажет.

                      – Тек ірілерді ғана емес, ұсақ шаруашылықтарды да қолдау мәселесі фермерлер тарапынан жиі айтылады. Оларды қолдаудың қандай жолдарын ұсынасыз?

                       – Шағын шаруашылықтарды дамыту үшін оқыту курстарын ашу керек шығар деп ойлаймын. Өйткені білімсіз, ғылымсыз мал шаруашылығын дамыту мүмкін емес. Кеңес үкіметінен кейін мықты шаруашылықтар құлдыраған кезде білім де тоқырады. Мәселен, үлкен шаруашылықтардың зоотехнигі, мал дәрігері, талапқа сай қора-жайы мен техникалары болады. Малы көп болған соң, соның санымен ұтады, шығындарын жауып, белгілі деңгейде пайдасын көреді. Ал ұсақ шаруашылықтар білімнің аздығынан, адам күшінің жетіспеуінен дамып кетулері қиын болады. Оған көп факторлар бар. Себебі қазіргі нарықта жүз бас қана қой ұстайтын болса, өз шығынын жаба алмайды. Өнімділік пайда болу үшін кемі 150 бас қой ұстау керек және бұл қойлардың сапасы өте жоғары болғаны дұрыс. Сол кезде ғана шағын шаруашылықтар пайдасын көре бастайды. Шағын шаруаларға есеп-қисап жағынан көмектесу керек және асыл тұқымды қой ұстау мүмкіндіктеріне жол ашу қажет. Көп шағын шаруалар істі 40-50 немесе 100 баспен бастайды, оның үстіне қойының сапасы төмен болады. Соңында пайдасын көре алмағандықтан қайтадан жабылып жатады. Мұндай мысалдар өте көп.

                      – Өзіңіз қанша бас қой өсіріп отырсыз, малыңыздың сапасы қандай?

                      – Өзім жүз бас таза Еділбай тұқымының саулығын өсіріп отырмын. Бірақ оған ауған Гиссар қошқарын қосамын. Себебі, жүз қойға таза Еділбай қошқарын қосу экономикалық тұрғыдан пайдасыз. Өйткені Гиссар қошқарының қозылары Еділбай қошқарының қозыларына қарағанда орта есеппен 5 келіге жоғары болады. Қазір 4-5 айлық қозыларды сойып жатырмыз. Олар 25-27 және 30 келіге дейін таза ет береді. Ал бірінші сортты элиталарын 150 мың теңгеден қошқарлыққа сатып жатырмыз. Таза Еділбайды ғана өсірсек, табысымыз төмендеп кетеді, ауыз тотырып айтарлықтай кіріс болмайды. Мысалы, жүз бас қозы 5 келі артық берді дейік. Яғни, 500 келі ет артығымен аламыз. Оны қазіргі нарықтық бағамен 2 800 теңгеден сатамыз. Сонда есептеп қарасаңыз, таза Еділбайға қарағанда Гиссар қошқарын қосқанның арқасында 1 млн 400 мың теңге үстінен артық пайда көреміз. Егер қорамдағы қойым үш жүз бас болса, таза Еділбай ұстауға болатын еді.

                      – Оралдағы іс-шара аясында өткен кеңесте белгілі ғалым Наржан Жұмаділлаев Байсары қой тұқымын батысқазақстандық шаруаларға таныстырды. Жақсы қасиеттерін атап өтті. Бұл қой тұқымы туралы сіздің пікіріңіз қандай?

                       – Наржан ағаның баяндамасын тыңдай алмадым, сәл кешігіп жеткен едік. Бірақ Байсары тұқымының аналығы Еділбайдан шыққан. Оны Арашан, Гиссар тұқымдарымен будандастырып, Байсары тұқымын шығарған. Бұл үлкен жетістік. Еділбай қойын ұстайтын шаруашылықтар Байсары тұқымын жатсынбаулары керек. Оның негізі, аналығы Еділбай екенін ескерулері керек деп есептеймін. Қой шаруашылығындағы белді ғалымдар Еділбай қой тұқымының салмақ жағынан, бойы тұрғысынан ең жеткен жері осы деген пікірде. Бірақ біз, шаруалар ол пікірмен келіспейтінімзді айтып, дауласып келеміз. Еділбайдың салмағын да, бойын да, төзімділігін де жетілдіруге болады. Мысалы елімізге Ангус асыл тұқымды сиырлары келіп жатыр ғой. Олар жыл сайын салмақтарын арттырып, барлық параметрін көтеріп жатыр. Себебі, слекциялық жұмыстар жоғары деңгейде жүргізіледі. Сол сияқты Еділбай қойының да сапасын арттыруға, ірілендіруге болады. Ангус сиырлары алғашқыда біздің климатқа аса бейімделе алмады, біздің жем-шөпке үйрене қоймады. Бірақ жыл сайын дамытуға, селекциялық жұмысқа күш салғанның арқасында отандық төзімді Ангус сиырлары көбейді және сапасы әлдеқайда жақсарды. Сол сияқты Еділбаймен де жұмыс істеуге болады. Бұрындары бұл пікірге қарсылар көп болған еді. Байсарыны шығарғандар көп нәрсені дәлелдеді. Қазірден бастап, шұғыл түрде тұқымын жоғалтып алмас үшін Еділбай қойына селекциялық жұмыстар жүргізу керек. Көрмеде көргенімдей, тек қана «Бірлік» зауыты таза қанды Еділбай қойын ұстап отыр. Алдағы 3-4 жылда оларға да басқа қошқар керек болады. Қошқар жетіспеушілігі болғандықтан Еділбай ұсақталып кетуі мүмкін.

                      – Қой шаруашылығын дамытуға қандай кедергілер бар, нақты қандай проблемаларды атар едіңіз?

                       – Қай бағыттағы шаруашылықты алсақ та басты проблема – бюрократия. Шаруашылық ашу және оған жер алу деген өте қиын. Одан кейінгі проблема – кредит. Көптеген шаруалар кредитке батқан, төлей алмаған. Қаншама шаруаның жері кепіл ретінде банкте жатыр, шаруашылықтар банкротқа кеткен. Әділ, таза, жүйелі жұмыс істемеген шаруалардың зияны басқаларға тиіп отыр. Бұл да басты пробламаның бірі.

                      – Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

                      Қатысты

                      Біржан Елтаев: «Байсары» қойының 4 айлық қозылары 30 келі ет береді
                      Эксклюзив

                      Біржан Елтаев: «Байсары» қойының 4 айлық қозылары 30 келі ет береді

                      13.08.2025
                      Жиенқұмда өткен «Байсары» қой көрмесі үздіктерді жинады
                      Эксклюзив

                      Жиенқұмда өткен «Байсары» қой көрмесі үздіктерді жинады

                      12.08.2025
                      Құрманғали Жұмағұлов: саумал терапиясы сан алуан дерттің шипасы
                      Эксклюзив

                      Құрманғали Жұмағұлов: саумал терапиясы сан алуан дерттің шипасы

                      24.07.2025

                      Добавить комментарий Отменить ответ

                      Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

                      Ұсыныстар

                      Премьер-министр шегірткеге қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды

                      Премьер-министр шегірткеге қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды

                      3 месяца ago
                      41 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды

                      Елімізде шөп пен жем өндіруші-экспорттаушылар қауымдастығы құрылды

                      10 месяца ago
                      Биыл Арал ауданында 7400 тонна балық ауланады

                      Семейде құбылмалы алабалық өсіріледі

                      4 месяца ago
                      ЕАЭО-да фермерлерді қаржылай қолдау тетігі іске қосылады

                      ЕАЭО-да фермерлерді қаржылай қолдау тетігі іске қосылады

                      4 месяца ago

                      Санаттар

                      • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • Әлемде
                      • Жаңалықтар
                      • Кеңестер
                      • Кредит
                      • Мал шаруашылығы
                      • Сақтандыру
                      • Санатсыз
                      • Сиыр тұқымдары
                      • Субсидия
                      • Техника
                      • Эксклюзив

                      Agrotrend – бұл аграрлық секторға бағытталған қазақ тіліндегі арнайы платформа. Біз ауыл ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жаңалықтарды жеткіземіз. Қолданыстағы кредиттер мен субсидиялардың шарттары туралы, соңғы техникалар мен технологиялар жөнінде жан-жақты ақпарат береміз. Біздің мақсатымыз – фермерлерді кеңінен ақпараттандыру, сол арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді барынша қолдау.

                      Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы Куәлік № KZ64VPY00103152, 10.10.2024

                      Байланыс
                      E-mail: agrotrend50@gmail.com
                      Тел: +7 708 425 62 67

                      Соңғы Жаңалықтар

                      • Бесқали Зұлһарнайұлы: Еділбай қойы ұсақталып кетуі мүмкін  16.08.2025
                      • Оралда «AUYL FEST» бірінші халықаралық этомәдени фестивалі болды 16.08.2025
                      • Семейде ірі коммуналдық базардың құрылысы басталды 14.08.2025

                      Рубрикалар

                      • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • Әлемде
                      • Жаңалықтар
                      • Кеңестер
                      • Кредит
                      • Мал шаруашылығы
                      • Сақтандыру
                      • Санатсыз
                      • Сиыр тұқымдары
                      • Субсидия
                      • Техника
                      • Эксклюзив

                      © 2024 Digital idea

                      No Result
                      View All Result
                      • Жаңалықтар
                      • Кредит
                      • Техника
                      • Субсидия
                      • Сақтандыру

                      © 2024 Digital idea