Биыл Қызылордада құрғақ түйе сүтін шығаратын зауыт іске қосылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Кәсіпорын жылына 392 тонна өнім шығарады деген жоспар бар.
Өткен жылы өңірде 411 жаңа жұмыс орны ашылып, 37 млрд теңгенің 21 жобасы іске асқан еді. Оның ішіндегі 10 жоба агроөнеркәсіптік саласына қатысты болды.
Биыл Қызылорда облысында құны 275,3 млрд теңге болатын 24 жобаны іске қосу жоспарланған. Онда 1 мың жұмыс орны ашылады және шығарылатын өнім көлемі 30,8 млрд теңгеге жетеді.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қызылорда облысындағы инвестицияны дамыту мәселелерін талқылаған кеңес өткізді. Кеңесте өңірдің ірі инвестициялық жобаларын іске асырудың мәселелері қаралды.
Сурет: primeminister.kz