Биыл шегіртке зиянкестерінің таралуына байланысты күрделі жағдай орын алды. Болжам шегірткелердің 2,5 миллион гектар аумаққа таралуын көрсетті, бірақ іс жүзінде 3,1 миллион гектар аумақта химиялық өңдеу жүргізілді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 4,2 млрд.теңге, ал Үкімет резервінен — 3,9 млрд. теңге бөлінді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымданбауына және көрші мемлекеттердің аумағында шегірткелердің көші-қонына жол бермеуге мүмкіндік туды. Қорғаныс іс-шараларына 2500-ден астам адам қатысты, 427 бүріккіш техника жұмылдырылды.
Пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен 694,78 млн. теңге үнемделді.
Үкімет бұл қаражатты шегірткелерге қарсы зерттеулер мен химиялық өңдеулер жүргізу үшін, сондай-ақ қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыруды бақылау үшін автокөліктерді сатып алуға пайдалану туралы шешім қабылдады. 7 зерттеу дрондары, 46 химиялық өңдеу дроны мен 38 автомобиль сатып алынды.
Дрондар шегірткелердің дамуы мен таралуын бақылау үшін, сондай-ақ дәстүрлі бүрку әдістерін қолдану мүмкін емес жерлерде химиялық өңдеу үшін қолданылады. Сондай-ақ, мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды қамтамасыз етуге арналған автомобильдер 100% жаңартылды.
Сурет: АШМ