Қызылорда қаласында «Ауыл аманаты» бағдарламасына арналған республикалық семинар аясында секциялық отырыстар өтті, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. Қатысушылар «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырып, өңірлер арасында тәжірибе алмасты.
Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес басталды. Оны іске асыру үшін өткен жылы 100 мың шағын несие беруге 17 млрд. теңге бөлінді.
«Бүгінгі таңда 16 млрд. теңгеге 95,6 мың шағын несие берілді. 17 мың жұмыс орны құрылды, 337 млрд. теңгеге 7,1 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды. Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға 100 млрд. теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда 4,7 млрд. теңге сомасына 426 шағын несие беріліп, 614 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 2,6 млрд. теңге сомасына 105 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды», — деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.
Бағдарламаны жалғастыру үшін 2025-жылға 50 млрд теңге бөлінеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі шағын несиелендіру рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасын цифрландыру жүйесі арқылы іске асыруда. «АӨК-дегі экономикалық саясаттың талдамалық орталығы» ЖШС-мен бірлесіп, өтінімдерді электронды түрде беруге және қарауға мүмкіндік беретін шағын несиелендірудің ақпараттық жүйесі әзірленіп, іске қосылды.
Кредиттеу процестерін автоматтандыру онлайн-режимде өтінім беруді қамтамасыз етеді, микрокредит беру процестерін жеделдетеді және оңтайландырады, шешім қабылдауға адами факторлардың қатысуын төмендетеді, сондай-ақ деректердің егжей-тегжейлі мониторингі мен талдауын жүргізуге ықпал етеді. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе барлық өңірлерде жұмыс істейді және кәсіп істеймін деген азаматтардан өтінім қабылданып жатыр.
Сурет: АШМ