Келесі жылы өңірде жалпы құны 9 млрд теңге болатын заманауи құс фабрикасы салынады. Бұл ірі инвестициялық жобалардың бірі, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Құс фабрикасы етті бройлерлерді өсіру және жұмыртқа шығару бағыттарын қамтиды.
Жоба аясында бір өндірістік циклде 60 мың бройлер өсіру жоспарланып отыр, бұл жылына шамамен 1401 тонна құс етін шығаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар 120 мың тауық бағылып, жылына 35 миллионға жуық жұмыртқа алынады.
Инвестор жобаны өз есебінен қаржыландырады. Кәсіпорынның құрылысы 2026–2028 жылдары кезең-кезеңімен жүргізілмек.
Сурет: ашық ақпарат көзі















































