Солтүстік Қазақстан облысында жарма өндіретін заманауи зауыт салу жобасы іске асырылуда, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. Жобаның бастамашысы – «Қазақстан Бидайы» ЖШС. Жобаның жалпы құны 3 миллиард теңгеден асады. Қажетті инфрақұрылымды жүргізу үшін облыстық бюджеттен 291 миллион теңге бөлінді.
Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталды. Зауытта астықты жоғары қосылған құны бар өнімдерге қайта өңдейтін толық өндірістік цикл жасалады. Бұл қазақстандық агроөнеркәсіптік өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Зауытта ботқаның әртүрлі түрлерін қоса алғанда, 9 түрлі өнім түрі шығарылады деп жоспарланған. Кәсіпорын жылына 24-тен 30 мың тоннаға дейін дайын өнім шығара алатын өндірістік қуатықа ие. Қазіргі уақытта Украинадан әкелінген заманауи жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Үш өндірістік желіні іске қосу көзделген. Өндірістің энергия үнемділігі мен экологиялық қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Барлық технологиялар халықаралық сапа стандарттарына сай болады.
Зауытты іске қосу 2025 жылдың тамыз–қыркүйек айларына жоспарланған.
Сурет: АШМ