Шымкенттің Қаратау ауданында құны 69 млрд теңге болатын заманауи жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Жобаның бастамашысы әрі негізгі инвесторы – Польшаның Fabe-Agro компаниясы. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы аумағы 144 гектарды қамтитын кешенде көкөніс, бақша дақылдары, сондай-ақ тамыржемістер мен түйнектер өсірілетін болады. Қазіргі уақытта нысанға инженерлік коммуникациялар тарту жұмыстары жүргізілуде.
Кешен толық қуатына шыққанда жылына 36 мың тоннаға дейін сапалы көкөніс өндірілмек.
Жоба 2028-жылы толық аяқталады.
Сурет ашық ақпарат көзінен алынды















































