Өңірлерде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Астық және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды егіс алқабы 16 млн гектардан асады. Бүгінге дейін 7,8 млн гектар немесе жалпы көлемнің 48,3 пайызы орылып, 11,6 млн тонна астық жиналды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 293 мың тонна майлы дақыл, гектарына 234 центнер өнімділікпен 1,2 млн тонна картоп және гектарына 288,8 центнер өнімділікпен 2,4 млн тоннадан астам көкөніс жинады.
Атап айтқанда, 385 мың тоннадан астам қырыққабат, 637 мың тонна пияз және 187,2 мың тонна сәбіз жиналған.
Сурет: Agrotrend.kz