Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық және импорттық асыл тұқымды малды сатып алғанда берілетін субсидия нормативтерін 75%-ға көтерді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Отандық өндірушілерді қолдау және оларға қаржылық жүктемені азайту мақсатында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Құжат 2025-жылдың 5-желтоқсанында күшіне енеді.
Сурет: Agrotrend.kz















































