Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша Қызылорда облысының «Асыл дән LTD» ЖШС үздік деп танылды. Компания күріш және оның қайта өңделген өнімдерін шығарады. Кәсіпорын заманауи жабдықтармен жарақталған, өндіріс ISO халықаралық стандарттарына сай және өнімін ішкі нарықпен қатар экспортқа да жөнелтеді.
Лауреаттар қатарында Павлодар облысындағы «Айсберг ПВ» ЖШС бар. Компания 120-дан астам атаумен мұздатылған ет өнімдерін шығарады. Өндірісте шоктық мұздату технологиясы қолданылады. Отандық өнім Қазақстанның барлық өңіріне және Ресейге жеткізіледі.
Сондай-ақ Ақмола облысының «Бижан» ет өңдеу кешені марапатқа ие болды. Кәсіпорын ету өңдеу бағытында жұмыс істейді, заманауи азық-түлік қауіпсіздігі стандарттарын енгізген, өткізу нарығын кеңейтіп, өңірдегі әлеуметтік бастамаларды қолдап келеді.
Министрлік мәліметінше, жеңімпаздар төрт жыл бойы премия эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалана алады.
Сурет: Сауда министрлігі















































