Ақмола облысында дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын жинау науқаны аяқталып, жоғары нәтижелерге қол жеткізілді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі. Бүгінгі таңда өңірде 4,7 млн гектар егіс алқабы жиналды. Гектар берекесі орташа 14 центнерден айналып, бастырылған астықтың жалпы көлемі 6,6 миллион тоннадан асты.
Науқанға 9 мыңға жуық ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылды, оның ішінде өнімділігі жоғары комбайндар, жаткалар және жүк көліктері бар. Алынған астықты қабылдау және сақтау жұмыстарын 66 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны қамтамасыз етті. Бұған қоса, астық облыстағы ауылшаруашылық құрылымдарының меншігіндегі 1,5 мыңнан астам астық қоймасына тасымалданды.
Егін жинау науқанының қорытындысы А.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының базасында облыс басшысы Марат Ахметжановтың төрағалығымен және өңірдің жетекші фермерлерінің қатысуымен өткен үйлестіру кеңесінде шығарылды.
«Ақмола облысындағы астық өнімі – бұл өңірдің еліміздегі ауылшаруашылық өндірісінің орталығы ретіндегі мәртебесін растайтын маңызды жетістік. Диқаншылардың еңбегі жоғары құрмет пен алғысқа лайық, өйткені олардың күш-жігері елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Егін жинау науқанының аяқталуымен Ақмола облысы қол жеткізген жетістіктермен шектелмейді. Келесі маусымда өңір өндіріс көлемін ұлғайтуды, астықты сақтау және өңдеу инфрақұрылымын жақсартуды, сондай-ақ ауылшаруашылығының технологиялық қолдауын күшейтуді жоспарлап отыр.
Келесі жылы фермерлер мемлекеттік қолдау анағұрлым тиімді және ауқымды болады, бұл ауыл шаруашылығы саласының одан әрі дамуына ықпал етуі тиіс.
Айта кетейік, Ақмола облысы егіншілік саласында мұндай жоғары нәтижеге Қазақстан егемендігін алғаннан бері, екінші рет қол жеткізіп отыр. Бұған дейін 2011 жылы ақмолалық диқандар мол астық алған болатын.
Сурет АШМ сайтынан