«Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС 2024-жылғы астық жинау науқанының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі. Биылғы маусымның табиғи-климаттық жағдайлары мол астық жинауға септігін тигізді. Көктемгі ылғал қорының молдығы мен уақытылы жауған жаңбырдың арқасында тәжірибелік станция ұжымы бұрынғы жылдарға қарағанда жоғары нәтижеге қол жеткізді.
«Алтай-1» күздік бидайының түсімі гектарына 53 центнерден, ал «Үлбінка» жаздық бидайы 25-27 центнерден өнім берді. Сондай-ақ, жергілікті селекционерлер шығарған «Алтай» бидай сортының да түсімі жоғары болды.
Жемдік дақылдарға сұраныс өсті: облыста сұлы, арпа және тары, сондай-ақ судан шөбі мен эспарцетті қосқанда көпжылдық шөптер белсенді түрде өсірілуде. Жемдік дақылдардың өнімділігі де қуантады: «Сұлу» сортты сұлы гектарына 30 центнерден «Илек» арпасы 27 центнерден өнім берген.
Бұдан бөлек «ШҚАТС» түрлі сортты тұқымдарды сатуға дайындайды. Олардың ішінде «Аружан» деген тарының, «Изумрудная» судан шөбінің, «Шығыс» эспарцетінің сорттары, сондай-ақ «Достық» және «Үміт» күнбағыс будандары бар.