Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте Үлкен жоба бойынша өңірлерде салынып жатқан тауарлы сүт фермаларының құрылыс барысы қаралды, деп хабарлады primeminister.kz.
СҚО-ның тауарлы сүт фермалары құрылысына жеңілдікпен несие беру немесе Үлкен жоба бойынша оң тәжірибені тарату 2023 жылы басталған еді. 100 млрд теңгенің бірінші траншына жылдық 2,5%-бен 2024 жылы 65 тауарлы сүт фермасы салынуы тиіс. Ең көп жаңа кәсіпорын СҚО-да салынуда, онда 17 жоба іске асырылып жатыр. Жинақталған тәжірибені ескере отырып, мұнда Үлкен жоба бойынша 17 млрд теңге көлеміндегі қаражат негізінен мал сатып алуға және жаңа тауарлы сүт фермасының құрылыс-монтаждау жұмыстарына берілді. Бұл ретте жалпы сомасы 54,5 млрд теңгені құрайтын жаңа 17 тауарлы сүт фермасының құрылысына қажетті қалған инвестицияны кәсіпкерлер салды. 12 жоба Алматы, 7 – Ақмола, 6 – Павлодар және Шығыс Қазақстан, 5 – Қостанай, 4 – Батыс Қазақстан, 3 – Жетісу, 2 – Түркістан және Абай облыстарында, 1 жоба – Ақтөбе облысында жүзеге асырылып жатыр.
Жиында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы атап өткендей, қазіргі уақытта жалпы құны 100 млрд теңге болатын 2023 жылғы транш 94,4%-игерілді. Қазірдің өзінде 20 тауарлы сүт фермасы салынып, пайдалануға берілді, 24 жоба бойынша жұмыстар аяқталуда. Атап айтқанда, Абай, Түркістан және Жетісу облыстарында жобалар толығымен іске асырылып, Павлодар, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жоба жұмыстары аяқталуда. 21 жоба пайдалануға беру мерзімінен кешіктірілуі мүмкін. Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы жұмыстар мерзімінен әлдеқайда артта қалып отыр. Бұл аймақтарда қаржының игерілуі 86% және 71,7% деңгейінде. Қаржыны игеру көрсеткіші төмен. Мысалы, Алматы облысында құрылысына 15 млрд теңге бөлінген. Жоспарланған 12 тауарлы сүт фермасы бойынша алты жобаның іске асыру мерзімдерінің бұзылу қаупі бар. ШҚО-ға 2023-жылы қаражат бөлінген, жоспардағы 6 жобаның біреуі іске асырыла ма, жоқ па, әлі анықталған жоқ.
Вице-премьер Серік Жұманғарин жобалардың кешеуілдеуіне қатысты өңір басшыларын тыңдап, биылға жоспарланған барлық жобаның төртінші тоқсанда аяқталуын жеделдетуді тапсырды.
Сурет agrotrend.kz