Атырау облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша несиеге мал беріле бастады, деп хабарлайды 24.kz.
Биыл 990 бас ірілі-ұсақты төрт түлік бөлуге келісім жасалды. Жоба кредиттік жағдайы қиын және кепілге қояр мүлкі жоқ тұрғындарға арналған. Қазір облыста екі қожалық тауарлы несие беруге келісті. Мысалы, Қызылқоға ауданындағы шаруашылық малды өз төлі есебінен көбейтіп келеді.
«Ауыл аманаты» бойынша 30 бас ірі қара, 100 бас ұсақ малдан жергілікті халыққа мал шаурашылығын дамыту мақсатында беруге болады. Үкіметтен жыл сайын мал басын асылдандыруға субсидия алып келеміз және алған техникаларымызға арнайы бөлінген субсидия алып отырмыз», дейді шаруашылықтың атқарушы директоры Парасат Алтынғалиев.
Сурет aqtobegazeti.kz