Қалмақ сиыры – ірі қараның етті тұқымы. Жергілікті малдың ұзақ уақыт, тек жайылымды ғана пайдаланатын көшпенділік жағдайында, табиғи сұрыпталу арқылы 16-17 ғасырларда, қазіргі Моңғолия жерінде шыққан. Қуаң даланың қатаң климатына әбден бейімделген. Түсі қызыл, сом денелі, аяқтары мықты, бұлшық еттері жақсы дамыған. Терісі қалың, маса, улысона, шыбын-шіркей тарататын қан ауруларына төзімді келеді. Мүйіздері айшық тәрізді, ұштары сүйірленіп жоғары және ішке қарай иілген. Шоқтығына дейінгі биіктігі 122, көкірек орамы 169, жіліншік орамы 18. Бұқасы 800 – 850 кг, сиыры 350 – 550 кг, жақсы күтімдегі 18 айлық бұқашықтары 450 – 500 кг тартады. Сойыс шығымы 60 – 65%. Ұшасына майды біркелкі жинайды. Еті дәмді. Орта есеппен жылына 650 – 1000 кг сүт сауылады, сүттің майлылығы 4,2-4,4%. Қыста 35-40°С аязға және жазда +45°С-қа дейінгі ыстыққа төзімді. Яғни, Қазақстанның барлық аймағында өсіруге болады.
Agrotrend – бұл аграрлық секторға бағытталған қазақ тіліндегі арнайы платформа. Біз ауыл ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жаңалықтарды жеткіземіз. Қолданыстағы кредиттер мен субсидиялардың шарттары туралы, соңғы техникалар мен технологиялар жөнінде жан-жақты ақпарат береміз. Біздің мақсатымыз – фермерлерді кеңінен ақпараттандыру, сол арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді барынша қолдау.
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы Куәлік № KZ64VPY00103152, 10.10.2024
Байланыс
E-mail: agrotrend50@gmail.com
Тел: +7 708 425 62 67