Қазақстан мен Әзербайжан бірқатар ветеринарлық сертификаттар бойынша келісімге қол жеткізді, бұл екі ел арасындағы сауда қатынастарын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Енді отандық өндірушілер Әзербайжанға ірі және ұсақ мүйізді малдан алынған сүт және сүт өнімдерін экспорттай алады. Сондай-ақ, құс еті, субөнімдер және қосымша өнімдерді жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Түйелер және басқа да түйе тұқымдас өкілдері, мысалы, ламалар, альпакалар және викуньлар, асыл тұқымды, союға арналған ірі қара мал мен ұсақ мүйізді мал, консервілер, шұжық өнімдері және басқа да дайын ет өнімдерін экспорттауға ветеринарлық сертификатқа қол қою келісілді.
«Бұл келісім қазақстандық экспортты кеңейту және екі ел арасындағы мал шаруашылығы саласындағы экономикалық серіктестікті нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Мен оның экономика мен әл-ауқаттың өсуіне ықпал ететініне сенімдімін», — деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Экспортталатын өнім ассортиментін кеңейту жұмыстары жалғасуда.