“ҚазАгроҚаржы” АҚ су үнемдеу бағытында жаңа лизингтік бағдарламаны іске қоспақ. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа бағдарламаны іске қосу жоспары Түркістан облысы әкімдігінде өткен кеңесте жария етілді. Өңірде су тапшылығына байланысты суармалы егіншілікті дамыту басым бағыттардың бірі саналады.
Су үнемдеуге арналған жаңа мүмкіндік
Бағдарлама аясында:
- жаңбырлатып суару машиналарын лизингке беру;
- суару инфрақұрылымын құруға және жаңғыртуға несие беру;
- заманауи суару жүйелерін жан-жақты қаржыландыру қарастырылған.
Бұл бастама су ресурстарын тиімді пайдаланып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Түркістан облысының агроәлеуеті
Компания мәліметінше, еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімінің 13%-ы Түркістан облысына тиесілі. Өңірде жыл сайын 1,2 трлн теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі.
Қаржылық қолдау көлемі
2000-жылдан бері ҚазАгроҚаржы өңір диқандарына 103 млрд теңгеге жуық қаржылай қолдау көрсетіп, 6 800-ден астам техниканы лизингке берген.
2026-жылы облысқа 19 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 7,1 млрд теңгеге өтінімдер қабылданған.
Қолданыстағы жеңілдетілген бағдарламалар
- «Жеңілдетілген лизинг» – жылдық 5-6%, бастапқы жарна 0%;
- «Қазақстанда жасалған» – отандық техникаға 6%, 10 жылға дейін;
- «Өз жем—шөбің» – жем-шөп дайындау техникасына 6%, 10 жылға дейін;
- «Агролизинг» – компанияның өз қаражаты есебінен 12,6%, 10 жылға дейін.
Жаңа бағдарлама су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізуге және өңірдегі суармалы егіншіліктің тиімділігін арттырпды.
Сурет: ашық ақпарат көзі
















































