Сүтті қоюлатамын деп өсімдік майын қосатын өндіруші көп. Оның ішінде біразы пальма майын пайдаланады. Жалпы тыйым салынған қоспалардың басым бөлігі шетелдік өнімдерден анықталған. Бұл туралы 24KZ сайты хабарлады.
Былтыр Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 3 290 сүт сынамасын тексерген. Оның ішінде 267-сі талапқа сай келмеген. Нақтылай айтсақ, 162 өнімді таңбалауда кемшілік табылған. Сосын 59 сынамадан май қышқылының құрамы төмендігі анықталды. Ал 17 сынамадан бактерия шықты. 9 өнімде майдың үлесі төмен болған.
«Сүттің майлылығын арттыру мақсатында сүт майын қосудың орнына өсімдік майларымен алмастырып, оның ішінде пальма майларын қосып, ол туралы ақпаратты тұтынушының қорабында көрсетпей, тұтынушыны жаңылыстыру, алдау фактілері анықталды. Көбінесе бізге ішкі нарыққа көбінесе шетелден келетін өнімдер, оның ішінде кеден одағына тиесілі елдерде өндірілген өнімдер. Жеткізушілеріне, өндірушілеріне, контрагенттеріне қатысты тергеу-тексеру жұмыстары жасалынып, нәтижесінде 8 мың тоннаға жуық өнімдер сатылымнан алынып тасталды», — деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Дана Қасқатаева.
Сурет: ЖИ
















































