Астанада Қазақстанның Мал өсірушілер одағының — еліміздегі жаңа салалық бірлестіктің алғашқы жалпы жиналысы өтті. Жиналысқа қатысушылар Одақ кеңесінің құрамын бекітіп, бірлестік төрағасын сайлады. Дауыс беру нәтижесі бойынша басқарма төрағасы Сырым Ертаев болды, деп хабарлады одақтың баспасөз қызметі.
Мал өсірушілер одағының басқарма құрамы жарияланды:
- Директор, Одақтың атқарушы органының тұрақты мүшесі — Дәурен Салықов;
- ІҚМ бойынша республикалық палаталардың өкілі — Бақтияр Өтелбаев;
- АӨК және мал шаруашылығының аналитикалық бағытының өкілі — Бауыржан Разак, ABD Genetics ЖШС;
- бордақылау алаңдары мен асыл тұқымды репродукторлардың өкілі — Азамат Орумбаев, Kusto Agro бас директоры;
- «Дорпер» қой тұқымы бойынша Республикалық палатаның өкілі — Думан Нағашбекұлы;
- фермерлік қоғамдастықтың өкілі — Нұрсұлтан Жарылғапов, Ұлытау облысының фермері.
Мал өсірушілер Одағының құрамына республикалық салалық палаталар, ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері, бордақылау алаңдары, асыл тұқымды шаруашылықтар, ет өңдеу кәсіпорындары, сондай-ақ бүкіл өндірістік тізбек бойынша жұмыс істейтін фермерлік шаруашылықтар кіреді. Сондай-ақ бұл қатарда малды өсіруден бастап өнімді өңдеуге және өткізуге дейінгі процесті атқаратын кәсіпорын өкілдері де бар. Одақ 1800-ден астам шаруа қожалықтарын біріктіріп отыр.
Сурет: Мал өсірушілер одағы















































