«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Агролизинг» бағдарламасы аясында қазақстандық шаруаларға арналған мобильді астық кептіргіштерді сатып алуды қаржыландыратынын хабарлады. Астық кептіруге арналған заманауи жабдықты жылдық 12,6% мөлшерлемемен лизингке алу мүмкіндігі қарастырылған.
Бағдарлама аясында орнату және пайдалану кезінде күрделі құрылыс-монтаж жұмыстарын талап етпейтін астық кептіргіштер қаржыландырылады. Шаруаларға техниканы қосымша құрылыс жұмыстарынсыз қысқа мерзімде іске қоса алады.
Мобильді астық кептіргіштер шағын және орта шаруашылықтар үшін тиімді технологиялық шешім болып саналады. Бұл техника әртүрлі дақылдарды сапалы кептіреді, өнім шығынын азайтады әрі оның сапасын жақсы сақтайды.
«Агролизинг» бағдарламасы аграрлық секторды қолдаудың негізгі құралдарының бірі. Бағдарлама бастапқы шығындарсыз заманауи техника мен жабдыққа қол жеткізуді жеңілдетеді және қалтаға салмақ салмайтындай ұзақ мерзімге беріледі.
Бағдарлама шарттарына сәйкес лизинг аванстық төлеммен беріледі, оның мөлшері лизингке алынған нысан құнының 15 пайызынан басталады, ал төлем мерзімі 7 жылға дейін белгіленген. Ұсынылып отырған лизинг шарттары шаруалардың нақты қажеттіліктеріне бағытталып, агроөнеркәсіп кешенді кезең-кезеңімен жаңғыртуға арналған.
Мобильді астық кептіргіштерді лизингке алу жөніндегі өтінімдерді «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның өңірлік филиалдары қабылдайды.
Сурет: ашық ақпарат көзі















































