Қазақстандық «Династия Агро» компаниясы мен жапондық Fairway Jateco Group Жапонияға зығыр майын экспорттау көлемін жылына 3 мың тоннаға дейін арттыру туралы келісімге қол қойды. Құжат Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Токиоға ресми сапары барысында рәсімделді. Бұл туралы QazTrade хабарлады.
Компаниялар төрт жылдан бері ынтымақтастық орнатып келеді, осы уақыт ішінде Жапония нарығына бірнеше жүз тонна өнім жеткізілген.
Компания өкілінің айтуынша, қазақстандық зығыр майы Жапонияда жоғары сапасы мен табиғилығы үшін сұранысқа ие.
Сурет: QazTrade















































