Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан ірі қара мал етін экспорттауға сандық шектеулер (квота) енгізді. Ол 2025-жылдың 31-желтоқсанына дейін қолданыста болады.
Ведомствоның бұйрығына сәйкес, Кеден одағы елдеріне және үшінші елдерге шығарылатын сиыр еті экспортының жалпы көлемі 13 мың тонна болып бекітілді. Сонымен қатар, экспорттық квоталарды бөлу тәртібі де жарияланды.
Квота көлемі бордақылау алаңының қуатына қарай белгіленеді:
-
5 мың бас малдан жоғары – 1 мың тоннаға дейін;
-
10 мың бас – 2 мың тонна;
-
15 мың бас – 3 мың тонна;
-
20 мың бас және одан жоғары – 4 мың тонна.
Министрлік бұл шараның мақсаты ішкі нарықты жеткілікті көлемде етпен қамту және мал шаруашылығы секторындағы тұрақтылықты сақтау деп түсіндірді.
Сурет: ашық ақпарат көзінен















































