Абай облысы әкімінің орынбасары Думан Оспанов агроөнеркәсіп кешеннің даму көрсеткіштері мен Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын баяндады, деп хабарлады өңірлік коммуникациялер қызметі.
“Соңғы10 айдағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 404,3 млрд теңгені құрады. Көрсеткіштің негізгі бөлігі мал шаруашылығына тиесілі. Ол – 236 млрд теңге. Мал шаруашылығындағы нақты өсім өткен жылмен салыстырғанда 105,2% жетті. Саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау аясында 15,1 млрд теңге бөлінді. Алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге, ал саланың еңбек өнімділігін үш есеге арттыру – басты міндет”, – деді Думан Оспанов.
«Кең Дала» бағдарламасы аясында 202 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 9,5 млрд теңге көлемінде 5%-бен жеңілдетілген несие бөлінген.
“Дәнді-дақылдар, картоп, көкеніс бақша дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Майлы дақылдар жинау жұмыстары аяқталуға жақын. 332,2 мың гектардан 502,3 мың тонна өнім жиналды. Орташа өнімділік гектарына 15,1 центнерден айналды. Егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстарының аясында дәнді дақылдар алаңы 12 мың гектарға қысқарып, майлы дақылдар 42,5 мың гектарға артты. Суармалы жерлерді дамыту жалғасуда. 113,4 мың гектардың 31,6 мың гектары игерілуде, су үнемдеу технологиялары 22,1 мың гектарда қолданылады. 2024–2028 жылдары 6 су қоймасы, 10 гидротехникалық нысан және 17 ирригациялық жүйе жаңғыртылады. Нәтижесінде қосымша 31 мың гектар суармалы жер айналымға енгізіліп, 180 млн м³ су жинауға мүмкіндік туады”, – деді спикер.















































