Қызылордада «Тұмар» жеке кәсіпорнының шағын өнеркәсіптік аймағы ашылды. Жобаның құны 526 млн теңге. Мұнда сегіз өндірістік цех іске қосылады. Яғни, онда азық-түлік өндіретін кәсіпорындар шоғырландырылады. Бұл туралы аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру – үкіметтің шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған бастамаларының бірі. Бұл жұмыс біздің өңірде табысты іске асырылуда, құны 1 млрд 52 млн теңге болатын екі шағын өнеркәсіптік аймақ салынуда. Бүгін олардың біріншісі, «Тұмар» жеке кәсіпорнының бастамасымен құрылған азық-түлік бағытындағы өнеркәсіптік аймақ кәсіпкерлердің пайдалануына берілетін болады», — деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өнеркәсіп аймағының ашылу салтанатында.
Әкімдіктің мәліметінше, кәсіпкерлерге жұмысты бастау үшін «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жылдық 3%-бен 157 млн теңге көлемінде жеңілдікті несие берілді.
Cурет: облыс әкімдігі












































